AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құры...

Ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр

Әлеумет 28.03.2023, 17:22 1,148
Ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Еліміздегі ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 94 арнайы камера орнаттық. Қазір соның 33-і іске қосылды. Жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан болады. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен бірлесе жолдардың бойында тиісті құрылғыларды орнату жұмыстарын қолға алдық. Астана мен Бурабай аралығында осындай камералар іске қосылған. Осы орайда автокөлікпен тым қатты жүргендерге айыппұл салынып жатыр», - деді А. Беков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, автобанда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Алайда кейбір жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді.



«Қала ішінде «Сергек» камералары жылдамдықты өлшейтінін білесіздер. Осы орайда енді республикалық жолдарда да осындай жүйе іске қосылып жатыр», - деді Комитет өкілі.



Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта осындай камералардың саны артады.



«Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдың 11 мың шақырымы ақылы болады. Осы жолдарда аталған камераларды іске қосамыз. Бұл құрылғылар 2030 жылға дейін орнатылады», - деді Амангелді Беков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақылы жол #жылдамдық #Сергек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);