ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жолдау 2023 / Ақтолқын ҚҰЛСАРИЕВА, Абай атындағы Қазақ ұлттық пе...

Ақтолқын ҚҰЛСАРИЕВА, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры: Жастарға деген саяси аманат

Жолдау 2023 19.03.2022, 03:50 2,920
Ақтолқын ҚҰЛСАРИЕВА, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры: Жастарға деген саяси аманат
aikyn.kz
Әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар саяси сұранысты қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды сұрақ екені белгілі, өйткені ол – қоғамды жаңартудың бірден-бір жолы.

Әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар саяси сұранысты қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды сұрақ екені белгілі, өйткені ол – қоғамды жаңартудың бірден-бір жолы.


Президент Қ.Тоқаевтың алдында басы эпидемиядан басталып, соңы қаңтардағы қақтығыстар мен ушыққан геосаяси кикілжіңдер салдарынан абыржып қалған қоғамды экономикалық дағдарыстан аман алып шығу, жүздеген этнос, діни конфессия өкілдерінен құралған халықтың басын біріктіре отырып, мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығын қалыптастыру, алмағайып заманда сыртқы саяси бағыт-бағдарды асқан байыптылықпен абайлап анықтау міндеті тұр.



Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары өміршең екендігі расталған «Әуелі – экономика, ал сонан соң – саясат» тактикасынан сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі нақты саяси реформалар стратегиясына қадам басу – өте маңызды шешім. Соның көрінісі ретіндегі суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты Президенттік республика тәсіліне түбегейлі өту, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын іс жүзінде орындау, пропорционалды және мажоритарлы аралас сайлау жүйесін енгізу, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету әрі мүмкіндіктерін кеңейту және т.б.



Әсіресе, Президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тарту жолында Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет атқаруына, квазимемлекеттік сектор басшысы болуына тыйым салу; Президенттік өкілеттілігін атқару кезінде саяси партияға мүшелікті тоқтату; Мемлекет басшысының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау; аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметінен алу құқын жою, т.с.с. толғауы жеткен шешімдер Жолдауда көптеп келтірілген.


Президент ішкі саясат мәселесіне, әлеуметтік көңіл күйге, елді біріктіруші мұраттарға жіті назар аударылатындығын байқатып отыр. Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі – адамдардың бойында еліміздің тіршілігін баянды ететін ұлттық келісім рухын және отансүйгіштік сезімін нығайту. Негізі, мен осы Жолдауды ата буынның тәуелсіздік сынды асқақ арманын жүзеге асырған бүгінгі аға буын өкілдерінің болашақты ноқталайтын жастарға деген саяси аманаты деп қабылдадым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.