ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Ақтөбелік ару металл жонуды меңгерген

Ақтөбелік ару металл жонуды меңгерген

Өмір-өзен 30.07.2023, 08:26 1,240
Ақтөбелік ару металл жонуды меңгерген
Сурет: 24.kz
Ақтөбелік ару көлік қозғалтқышын жөндеп, металл жонуды меңгерген.

Ақтөбелік ару көлік қозғалтқышын жөндеп, металл жонуды меңгерген.


Ника Елубаева нәзік жандылардың кез-келген мамандықты иегере алатындығын дәлелдеп жүргендердің қатарынан. Әдетте маңайында тек ер азаматтар жүретін станогты ол күнделікті жұмыста пайдаланады. Тапсырыс қабылдап қосалқы бөлшектерді жасауға машықтанған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.



Ника Елубаева «ес білгелі әкемнің қасында көлікжайда жүрдім»,- дейді.



Бала күнінен қосалқы бөлшектерді зерттеп, темір жонудың қыр-сырын үйренген. Мектепті тәмәмдаған соң жоғары оқу орнының халықаралық қатынастар факультетінде білім алыпты. Тіпті 6 жыл Түркияда тұрған. Әкесі дүниеден озған соң елге оралдым дейді.



- Бала күннен игерген кәсібім ғой. Бірақ темір жонуды әкем қайтқан соң ғана мамандық ретінде қабылдадым. Әкемнен қалған білдектер бар. Алғашында айналамдағы жандардың барлығы қарсы болды. Құрал-саймандарды сатып жіберуге де үгіттеді. Әйел адамның ісі емес дейтін. Соған қарамастан қосалқы бөлшектерді жона бастадым. Сапалы шығатынана да көпшіліктің көзі жетті, -дейді қала тұрғыны Ника Елубаева.



Бұған дейін Ника Елубаева сән саласында модель, ит жаттықтырушы кинолог боп та үлгерген.



Бірақ «темірді қалыпқа келтіріп, істен шыққан қозғалтқышқа қайта жан бергенде көңілім жадырап шығады»,- дейді.



Бастапқыда тосырқап қалатын жүргізушілер артынан көз үйреніп, тіпті іздеп келетіндері де бар көрінеді.



 - «Қыз бала ма? Сізге кеп тұрмын ба?»,- деп сұрайды көбіне. Телефон соқса «күйеуіңізді, әкеңізді шақырып жіберіңізші»,- дейтіндер де бар. Бірақ қосалқы бөлшектерді жөндеуге әкелгенде барлығы да көмектескісі кеп тұрады. Ауыр темірлерді көтеріп, қолұшын береді, -дейді қала тұрғыны Ника Елубаева.



Токарлықты игерген талдырмаш қыз білдектерін жаңартуды армандайды. Әкеден қалған құрал-саймандар кеңестік кезеңнің бұйымдары. Автоматты түрде есеп-қисап жасайтын заманауи жабдықтар алсам ізбасар-көмекші етіп қыз баланы үйрету ойы да бар. Бірақ әзірге ниет еткен арулар жоқ дейді.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/611268-a-t-belik-aru-metall-zhonudy-me-gergen
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.