AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбедегі теракт: сотталғандардың үшеуі түрмеде қ...

Ақтөбедегі теракт: сотталғандардың үшеуі түрмеде қайтыс болды

Оқиға 01.04.2026, 09:49 565
Ақтөбедегі теракт: сотталғандардың үшеуі түрмеде қайтыс болды
Әлеуметтік желілерден алынған фото

Осыдан 10 жыл бұрын Ақтөбеде болған қанды теракт Қазақстан қоғамын қатты дүр сілкіндірген еді. Қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге жасалған шабуылдан кейін сотталғандардың бір бөлігі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz мәліметінше, 2016 жылғы 5 маусымда радикалды топ Ақтөбеде бірнеше бірдей шабуыл ұйымдастырған. Алдымен олар қару-жарақ дүкендеріне басып кіріп, артынша әскери бөлім аумағына шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан 25 адам қаза тауып, ел бойынша террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді.

Бұл іс бойынша жалпы 29 адам сотқа тартылған. Олардың ішінде жеті адам өмір бойына сотталса, тағы екеуі 25 және 22 жылға бас бостандығынан айырылған.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандардың үшеуі – Айдос Жұбанов, Асхат Иманғалиев және Асхат Рахметовтің қайтыс болғанын хабарлаған.

Қалған сотталғандардың нақты қайда екені, қандай жұмыспен айналысып жүргені туралы мәлімет жария етілмеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #Теракт #сотталған #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);