AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ақтөбеде жұртты алдаған "халық емшісі" 6 жыл 8 айғ...

Ақтөбеде жұртты алдаған "халық емшісі" 6 жыл 8 айға сотталды

Заң мен тəртіп 08.10.2025, 11:09 631 Сұлу
Ақтөбеде жұртты алдаған "халық емшісі" 6 жыл 8 айға сотталды
Видео кадры

Ақтөбеде жүзден аса адамды сан соқтырған халық емшісі 6 жыл 8 айға сотталды. Бірақ ол жазасын екі жылдан соң ғана өтейді. Себебі судья кішкентай екі баласын ескерген, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ҚР ҚК 74-бабы 1-бөлігінде сотталушының кішкентай баласының болуына байланысты жазасын орындауды екі жылға кейінге қалдырды. Ол заңда белгіленген, көрсетілген", - деді Ақтөбе №2 сотының судьясы Тұрсынхан Салықов. 

Бұған дейінгі сот отырыстарында қатысушылардың көптігінен ине шаншар орын болмайтын. Ал үкімді тыңдауға келгенде көпшілік жинала қоймады. Сұлушаш есімімен өңірге танымал келіншек науқастарға миллиондап несие алдырған. Қызығы сол, алданғандар қалай басы айналып қалғанын білмейді. Сотта нақты жәбірленуші деп 136 адам танылды. Оның ішінде емшінің ет жақын туыстары да, сыныптастары мен ауылдастары да бар.

Емші "дем саламын" деп бәрінің басын айналдырған. Кейбіріне мешіт пен медициналық орталықтың құрылысына, енді біреулерге мүгедек баламның еміне қажет деп ақша сұраған. Жәбірленушілер гипнозда жүргендей күй кештік, несиені қалай алып, қолма-қол қалай санап бергенімізді білмей қалдық деп отыр. Халық емшісінің келтірген жалпы шығын көлемі 579 миллион теңгеден асады. Бірақ бұл сома тағы артуы мүмкін. Себебі, жәбірленушілердің банк алдындағы қарызы да ай сайын көбейіп отыр. Оны сотталушы өтеуге міндеттелді. Ал емшінің адвокаты үкімге риза. 

"Қазбаева Сұлушаш өзі шығындарды, халықтан алған несиелерін өтеуге, сот мәжілісі кезінде де бәрін өзі айтты. "Мен өтеймін, ешкімнің ақшасын жемеймін" деді. Енді бұл жағдай оның қаржы сауатсыздығынан деп ойлаймын", - деді адвокат Эльмира Жұмабаева. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақтөбе облысы #емші #сотталу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);