Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ақтөбеде «Дәстүріміз жаңғырған» шығармашылық байқа...

Ақтөбеде «Дәстүріміз жаңғырған» шығармашылық байқауы өтті

Әлеумет 22.03.2022, 09:16 1,161
Ақтөбеде «Дәстүріміз жаңғырған» шығармашылық байқауы өтті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін ұлыстың Ұлы күні  – Наурыз мерекесіне орай облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестік өкілдері арасында «Дәстүріміз жаңғырған» шығармашылық байқауы өтіп, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жеңімпаз атанды,- Almaty-akshamy.kz.


Қазақ халқының дәстүрін дін өкілдері арасында насихаттап, болашақ жастарға дәріптеу мақсатында өткен іс-шарада облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев сөз сөйлеп, наурыз мерекесімен құттықтады.


Шараға «Өмір бұлағы» ҚБ, «Криша қоғамының санасы» ҚБ, «Надежда» Ақтөбе евангельдік христиан-баптистер шіркеуі» ҚБ қатысты.
Шығармашылық байқау әр діни бірлестік өзін таныстырудан, салт-дәстүр туралы көрініс және «Ұлттық тағамдар» аукционы туралы ІІІ бөлімнен тұрды. 
Дода барысында діни бірлестік өкілдері қазақ халқының беташар, бесік салу, қыз ұзату т.б салт-дәстүрлерді  қойылым ретінде көрсетті.  Сонымен қатар «Ұлттық тағамдар аукционы» бөлімінде қатысушылар әрбір ұлттық  тағамның жасау техникаларын түсіндіріп өтті.



Шығармашылық байқаудың  таныстыру бөлімінде «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Орысбайқызы дін мен салт-дәстүр егіз ұғым екендігінде тоқталып, ҚМДБ бекіткен 2022 жыл – Ислам – ынтымақ және бірлік діні жылы екендігінде атап өтті. Сонымен қатар діндер арасындағы татулық мәселесінеде тоқталды. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде салт-дәстүр мен дін тақырыбындағы атқарылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығын айтты. 


Ал көрініс бөлімінде облыстық орталық мешіттің ұстазы Ардақ Бағдалқызының жетекшілігімен  мешіттегі «Әжелер» мектебінің белсенді мүшелері және шәкірттердің қатысуымен «Беташар»  рәсімі қойылды. 



Одан өзге үшінші бөлімінде қазақ халқының ұлттық ет тағамдарының бірі –  қазақша ет асылып,  біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар наурыз көже ұсынылып, қалай дайындалатындығы туралы баяндады. Одан өзгеде ұлттық тамақ түрлерін көрсетіп, таныстырылды.


Байқау қортындысында әділқазылардың шешімі бойынша «Нұр Ғасыр» мешіті үздік деп танылып, І орынмен марапатталды. Ал «Өмір бұлағы» ІІ орын, «Кришна қоғамының санасы» ІІІ орын,  «Надежда» діни бірлестігі  «Белсенділік танытқаны үшін» номинациясын иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #наурыз #мешіт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.