AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақтөбе облысында мазасыз күндер басталды

Ақтөбе облысында мазасыз күндер басталды

Әлеумет 09.03.2024, 17:49 1,293
Ақтөбе облысында мазасыз күндер басталды
gov.kz

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде












Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов, 1 наурыздан бастап барлық жеке құрам жоғары дайындық режиміне ауыстырылғанын мәлімдеді. Өйткені, «Қазгидрометтің» деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 9-10 наурызла күндізгі ауа температурасы көтеріліп, сондай-ақ, Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарында далалық қар қарқынды еруі мүмкін. Елді мекендерді, жолдарды су басу қаупі бар.


Нәтижесінде, бүгінгі күні ұзындығы 16 км су тасқыны қаупі бар өзендерді түбін тереңдету, жағалауды нығайту, тазарту, 46,6 км арықтар мен каналдарды тазарту, 21 км қорғаныс бөгеттерін салу және ағымдағы жөндеу, 5 гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, 8,1 км су бұру арналарын салу, 3,1 км нөсер кәріздерін салу, 13 су өткізу құрылыстарын салу және 27 су өткізу құбырларын орнату, автомобиль жолдарының учаскелерінде 2 көпір салу және 6 көпір реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілді.



​Бұдан басқа, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдарда, сондай-ақ, теміржолдарында су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге, 1352 су өткізу құбырлары тазартылды. Су өткізу құрбырларды, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жалғасуда.


Бүгінге, облыс бойынша 11 мыңнан астам адам тұратын 36 елді мекен ықтимал су басу аймағына жатады, жүргізілген жұмыстардың арқасында 11 елді мекенде су басу қаупі жойылды, 10 елді мекенде қауіп барынша азайтылды, 15 елді мекенде қауіп сақталуда.


Тұрғын үйлерді еріген су басуына жол бермеу мақсатында (2023 жылғы желтоқсаннан бастап) әкімдіктер елді мекендерден 450 мың м3 қар шығарды.


Су тасқыны жағдайы күрделенген кезде әкімдікпен бірлесіп, жалпы саны 1 638 адам, 350 бірлік техника, 66 бірлік жүзу құралдары, 232 мотопомпа азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Жанар-жағар май, инертті материалдар, қаптар қорлары дайындалды.


Жеке құрамнан 41 адам, 10 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралы және 8 бірлік мотопомпадан тұратын шұғыл ден қою жасағы құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #тасқын #сулар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);