AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбе облысында бір жасар қыз құдыққа құлап кетті

Ақтөбе облысында бір жасар қыз құдыққа құлап кетті

Оқиға 23.03.2023, 18:05 1,084 Аlmaty-akshamy.kz
Ақтөбе облысында бір жасар қыз құдыққа құлап кетті

Оқиға 21 наурызда Мәртөк ауданындағы Жайсаң ауылында болған.


Ақтөбе облысында бір жасар қыз төрт метрлік құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.


Оқиға 21 наурызда Мәртөк ауданындағы Жайсаң ауылында болған. Бір жасар қыз өз ауласындағы құдыққа құлап кеткен. Ауылға орталық су құбыры тартылғанша осы құдықтан су алынған. Шұңқыр жабылған, бірақ жер шеттерімен қирап, саңылау пайда болған, нәтижесінде бала саңылауға құлап кеткен.



«Қызым екі метрге құлап кеткен. Ол кезде жұбайым мен қайын атам аулада еді. Қайын атам оны өзі шығарып алмақ болды, бірақ ол тереңдеп барған сайын көрінбеген. Әйелім телефон соқты, мен бірден жеттім, досым Даниярды шақырдым. Бар шаруасын тастап, Жайсаңға келеді», - дейді кішкентай Мәдина Медеттің әкесі.



Данияр төрт метр тереңдіктегі құдыққа түскен. Кішкентай қызды шығару оңай болмаған. Данияр оны күртешесінен сүйреп алмақ болғанда, қыздың күртешесі шешіліп қалған, ал баланы шығарып ала алмаған. Кейін ол жерді қолымен тырмауға мәжбүр болды. Біраз уақыттан кейін ол қызды көтеріп үлгерген.



«Құтқарушылар келгенде, баланы алып шығып үлгерген. Даниярға алғысымыз шексіз. Оның да кішкентай баласы бар. Балаға жақында Санкт-Петербургте ота жасалды. Данияр жұмыссыз, баспанасы жоқ. Біз оған көп болып, бәріміз бірігіп ұлын емдеуге көмектестік. Енді қызымызды аман алып қалды», - дейді Мединаның әкесі Медет Қарақұлов.



Оқиғадан кейін Медеттің ауласындағы құдық бірден қоршалған. Қазір кішкентай қыздың жағдайы жақсы.


Желі қолданушылары Данияр Мадияровты марапаттау керек деген пікірде. 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақтөбе облысы #оқиға #құдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);