AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтаудағы ұшақ апаты: аман қалған бортсерік бір жы...

Ақтаудағы ұшақ апаты: аман қалған бортсерік бір жылдан кейін қызметіне қайта оралды

Оқиға 26.12.2025, 10:49 925
Ақтаудағы ұшақ апаты: аман қалған бортсерік бір жылдан кейін қызметіне қайта оралды
сурет: видеодан скрин

Ақтау маңында AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанына бір жыл толған соң, сол қайғылы оқиғадан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли қайтадан қызметіне кірісті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда ол өз кәсіби міндетін бұрынғыдай жоғары жауапкершілікпен атқарып жүр. Бұл туралы әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған бейнероликте айтылған.

Видеода Айдан Рагимлидің өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі – J2-8243 Баку–Грозный рейсі екені атап өтіледі.

«Кейбір сезімдерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алайда өмір жалғаса береді. Айдан сол ауыр сәттерді жүрегінде сақтай отырып, бүгін қайтадан өз ісіне оралып, жолаушылар қауіпсіздігіне жауапты қызметін жалғастырып келеді», – делінген ролик сипаттамасында.

Айта кетейік, әуе апаты 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған. Баку–Грозный бағытымен ұшқан AZAL әуе компаниясының ұшағында 67 адам, соның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #Ұшақ апаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);