AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтау маңындағы AZAL ұшағы апатынан зардап шеккен...

Ақтау маңындағы AZAL ұшағы апатынан зардап шеккен жолаушы көз жұмды

Оқиға 20.10.2025, 11:39 550 Сұлу
Ақтау маңындағы AZAL ұшағы апатынан зардап шеккен жолаушы көз жұмды
Маңғыстау облысы әкімдігі

Әзербайжанның Загатала қаласының тұрғыны Нурулла Сираджов Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Әзербайжан әуе желілері" (AZAL) ұшағының жолаушысы ретінде зардап шеккен еді. Ол 18 қазанда таңертең өз үйінде қайтыс болды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Lent.az-ға сілтеме жасап.

Оқиға күні Нурулла Сираджов жұбайымен бірге Грозныйға бара жатқан. Басылымның айтуынша, олар ұлдарын көруге ұшқан, сонымен қатар, ер адам қатерлі ісікке қатысты ота жасатпақ болған. Алайда апатқа байланысты операция кейінге қалған. Ерлі-зайыпты ауыр жарақат алып, Бакудегі ауруханаға жеткізілген. Жарақаттан айыққанына қарамастан, Сираджов ауруды жеңе алмады.

Еске салайық, AZAL ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатып, Ақтау маңында құлады. Бортта 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған, олардың 29-ы аман қалды. Кейін Әзербайжан тарапы оқиғаға ресейлік әскерилерді айыптап, олардың қатысы барын растайтын дәлелдер ұсынған. 2025 жылғы қазанда Владимир Путин Ильхам Әлиевпен кездесуде Ресейдің кінәсін мойындап, AZAL ұшағының апатын, соның ішінде ресейлік әуе кеңістігінде украин дрондарының болуымен байланыстырды. Сондай-ақ, ол атып түсірілген ұшақ үшін Әзербайжанға өтемақы төлеуге уәде берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әзербайжан #ұшақ #апат #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);