ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ақсұлтан Қалиевтің даулы жазбасы: зинақорлықтан са...

Ақсұлтан Қалиевтің даулы жазбасы: зинақорлықтан сау емес, сал балалар туатыны рас па?

Әлеумет 28.08.2025, 16:23 521
Ақсұлтан Қалиевтің даулы жазбасы: зинақорлықтан сау емес, сал балалар туатыны рас па?
Сурет: ЖИ
Балалар невропатологы Конеев Қайырғали:

Қазақта «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген тамаша тәмсіл бар. Кейінгі күндері Threads желісінде жазба қалдырған танымал блогер Ақсұлтан Қалиевтің басынан өткен даулы жағдай осыған айқын мысал болды. Мәселенің немен аяқталғанын және бұл жазбаға қатысты мамандардың ойы қандай екенін Aqshamnews.kz тілшісі анықтап көрді.

Даулы жазба

Осыдан 10 күн бұрын Threads желісінде белгілі блогер әрі маркетолог Ақсұлтан Қалиевтың «Зинаны тоқтатпасақ, ертең оннан тоғызы ДЦП туады. Содан білім де жоқ, денсаулық та жоқ, әскер де жоқ…» – деген жазбасы көптің есінде шығар.

Әлеужеліде үлкен резонанс тудырған бұл пікірдің  бірден қоғамда екіге жарылған пікірталасқа ұласты.  Әсіресе осындай дертпен ауыратын науқас балалары бар ата-аналардың, осы дертпен туған ерекше  адамдардың, сал ауруына шалдыққан туысы, танысы барлардың шамына тиіп, жарасына тұз сепкендей болды. 

Артынша блогер жазбасын өшіріп, кешірім сұрады. 

«Бірнеше күн бұрын бір топ адамның көңілін қалдырдым. Желіде қалдырған жазбамның салдарынан ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды ренжіттім. Бұл жағдайдың болғаны өкінішті. Кешірім сұраймын. Бірақ, факт болды, көңіл қалды. Мойындаймын. Жауапкершіліктен қашпаймын. Біз блогерміз. Бізде үлкен жауапкершілік бар. Бұл жауапкершілікті осы жағдайдан кейін мен одан да жақсы, үлкен сабақ ретінде сезіндім.  Менің достарымда да, жақындарымда да, туыстарымның ішінде де ерекше балалар бар. Менің анам осындай отбасыларға 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет етеді. Сондықтан біреуді кінәлау деген менің көзқарасымда, менің тәрбиемде, менің сенімімде жоқ. Ерекше балалар - бұл біздің аманатымыз. Олар бізге Алланы әрдайым еске алуға, мейірімді болуға, шүкір етуімізге себеп. Менің негізгі айтқым келгені осы. Бірақ жеткізе алмадым», - деген сөздер айтқан блогер, көптің алдына шығып, ағынан жарылды. 

"Айтылған сөз - атылған оқ". Болары болып, бояуы сіңсе де, блогердің бастапқыда айтқан сөзінің қаншалықты дұрыс-бұрыстығын анықтау үшін медицина мамандарынан пікір қосуды сұрадық. 

Дәрігер не дейді?

Балалар невропатологы Қайырғали Конеев бұл мәселеге қатысты былай деді:

"Ата-ананың моральдық мінез-құлқы, соның ішінде зинақорлық, баланың ДЦП-мен туылуына себеп емес. Егер жұбайлардың бірінде жыныстық жолмен берілетін инфекция ( ВИЧ, токсоплазмоз) болып, дер кезінде емделмесе, анасы жүктілік кезінде жұқтырып алуы мүмкін. Мұндай жағдайда балаға зақым келіп, сал ауруымен туылу қаупі бар. Бірақ бұл – зина емес, емделмеген инфекцияның салдары"

ДЦП-ның негізгі себептері:

  • жүктілік немесе босану кезіндегі оттегінің жетіспеушілігі (гипоксия);
  • жатырішілік инфекциялар (цитомегаловирус, қызылша, герпес және т.б.);
  • жаңа туған нәрестелердің ауыр дәрежеде сарғаюы (желтуха);
  • миға қан құйылу;
  • туа біткен ми ақаулары және кейбір генетикалық синдромдар.

Дін тұрғысынан

Исламда зина – ауыр күнә. Бірақ ол баланың ДЦП болып тууына себеп болады деген ғылыми негіз жоқ.

Мүфтият өкілдері бұл мәселе бойынша пікір білдіруден бас тартып, екі тараптың мәмілеге келгенін, қайта қозғаудың қажеті жоғын жеткізді.

Ақсұлтан Қалиевтің жазбасы көпшіліктің ашуын туғызғаны рас.  Дегенмен мамандардың айтуынша, ДЦП-ның нақты себептері медицинада анық көрсетілген. Ал блогер өз қателігін мойындап, кешірім сұраған соң, бұл даудың нүктесі қойылғандай. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.