ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / АҚШ-тың төрт президентінің ДНҚ-сы ғарышқа жіберіле...

АҚШ-тың төрт президентінің ДНҚ-сы ғарышқа жіберіледі

Әлем 06.03.2023, 03:10 948
АҚШ-тың төрт президентінің ДНҚ-сы ғарышқа жіберіледі
Сурет: Ашық дереккөз
ДНҚ «уақыт капсуласы» ретінде пайдаланылады

ДНҚ «уақыт капсуласы» ретінде пайдаланылады


АҚШ-тың бұрынғы төрт президентінің ДНҚ-сы 2023 жылға жоспарланған миссия аясында ғарышқа жіберіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жерлеу рәсімдерімен айналысатын Американың Celestis компаниясы ашық ғарышқа АҚШ-тың бұрынғы президенттері, нақтырақ айтқанда Джордж Вашингтон, Дуайт Эйзенхауэр, Джон Кеннеди мен Рональд Рейганның генетикалық ақпараттарын Vulcan зымыранының көмегімен жіберуді жоспарлап отыр.


ДНҚ «уақыт капсуласы» ретінде пайдаланылып, болашақ өркениетке қазіргі заманның биологиясы мен тарихын зерттеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. ДНҚ-лар президенттердің шаш үлгілері сақталған Луи Мушроның (2014 жылы қайтыс болған) коллекциясынан алынды. Ол танымал адамдардың шашын жинайтын атақты коллекция жинаушы болатын, деп жазды Space.com сайты.


Ақ үйдің экс-басшыларының шаштарынан бөлек, «капсуламен» Star Trek (Жұлдызды жол) сериалында жұмыс істеген бірнеше команда мүшесінің ДНҚ-сы жіберіледі. Ерекше миссия туралы 20 ақпан, АҚШ-тағы Президент күні белгілі болды.


Celestis-тің тарихтағы алғашқы корпоративті ұшырылымының ұзындығы 150-ден 300 миллион шақырымға дейін жетіп, Жер-Ай жүйесінен асып, терең ғарышқа енетіні жоспарланған.


Зымыранның ұшатын күні әлі жарияланған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.