AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АҚШ-тың күштік құрылымдарының әскерилері арасындағ...

АҚШ-тың күштік құрылымдарының әскерилері арасындағы жарыста қазақстандықтар үздік нәтиже көрсетті

Әлеумет 11.03.2024, 10:14 1,156
АҚШ-тың күштік құрылымдарының әскерилері арасындағы жарыста қазақстандықтар үздік нәтиже көрсетті
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері 3-8 наурыз аралығында Аризона штатының Феникс және Флоренс қалаларында өткен "Үздік жауынгер-2024" жарыстарында олжалы өнер көрсетті. 


Сержант Мұхиядин Смағұл мен 2-сыныпты сержант Орынбек Сандыбеков "Үздік жауынгер-2024" жарысында бақ сынаған 40 қатысушының ішіндегі бірден-бір шетелдіктер болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Ұлттық ұланның, Қарулы күштердің және АҚШ-тың басқа да күштік құрылымдары арнайы бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысқан жарыста қазақстандық әскерилер жауынгерлік дайындыққа байланысты барлық кезеңдерде үздік нәтижелер көрсетті.


Әскери қызметшілер Мұхиядин Смағұл мен Орынбек Сандыбеков дене дайындығы, америкалық үлгідегі атыс қаруын бөлшектеу, құрастыру, оларды жауынгерлік күйге келтіру, тапаншадан, автоматтан және пулеметтен ату жөніндегі нормативтерді сәтті орындады.


Жарыс бағдарламасында, сондай-ақ радиостанцияны баптау және байланысқа шығу, түнгі және күндізгі уақытта жергілікті жерді бағдарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету, жаралыларды алып шығу секілді тапсырмалар да болды.


20 шақырымдық марш кезінде қолындағы қару-жарақпен және 16 килограмдық мүлікпен 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының сержанты Мұхиядин Смағұл бір сағат 59 минутта межелі қашықтықты еңсеріп, жеңіске жетті.



«Жарысты ұйымдастырушылар байқау тарихында мұндай жағдай әлі болған жоқ деп мәлімдеді. Біздің десантшымыздың жетістігін аты аңызға айналған кениялық жүгіруші, Олимпиада чемпионы Элиуд Кипчогенің рекордымен салыстырды», – деп нақтылады Қазақстан Қарулы күштерінің бас сержанты шебер сержант Темірбек Халықов.



2-сынып сержант Орынбек Сандыбеков те жауынгерлік дайындық пәндерінде үздік нәтижеге жетіп, маршта екінші орыннан көрінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #Күштік құрылым #үздік нәтиже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);