ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / АҚШ-тан келген бақылаушы: мені адамдардың осы сайл...

АҚШ-тан келген бақылаушы: мені адамдардың осы сайлаудағы ынта-ықыласы қызықтырды

Сайлау-2023 19.03.2023, 13:34 745
АҚШ-тан келген бақылаушы: мені адамдардың осы сайлаудағы ынта-ықыласы қызықтырды
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында АҚШ атынан бақылаушы, «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушыларының Миссиясы...

Алматы қаласы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында АҚШ атынан бақылаушы, «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушыларының Миссиясы мүшесі Ричард Уильям Вейтцтың қатысумен баспасөз конференциясы өтті.


Ол өзінің Алматыдағы сайлауды бақылау барысында алған алғашқы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спикердің айтуынша, ол таң атқалы Алматы қаласындағы 12 сайлау учаскесінде болған, әлі онына баруға ниетті. Ричард Уильм Вейтц онымен бірге Қазақстанға Тәуелсіз бақылаушылар миссиясынан тағы үш адам келген, бүгін олар Астанада жұмыс істеп жатыр. 



«Біздің басты мақсатымыз – дауыс беру кезінде болу, сонымен қатар маңызды тағы бір мақсат – Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай контекстінде сайлауды бақылау және бағалау үшін кеңірек контекстті қамтамасыз ету», - деді ол.



Ричард Уильям Вейтцтың пікірінше, Қазақстандағы осы маңызды саяси кезеңде АҚШ-тың болуы Америка-Қазақстан қарым-қатынасының маңыздылығын, Қазақстанның Орталық Азиядағы, кеңірек айтқанда, Солтүстік Атлантикалық қауымдастықтағы өмірлік маңызды рөлін растайды.



«Біз трансұлттық лаңкестікпен күрес, аймақтық қақтығыстарды реттеу, экономикалық ресурстарды игеру, әлеуметтік-экономикалық даму сияқты салаларда ынтымақтасамыз», - деп атап өтті АҚШ атынан келген бақылаушы.



Сондай-ақ, ол бұл сайлауда халықтың ынта-жігері қызықтырғанын айтты, өйткені тәуелсіз кандидаттар, плакаттар мен үгіт-насихат жұмыстары көп.


АҚШ пен Қазақстандағы сайлауды салыстыра отырып, спикер АҚШ-тың сайлау жүйесі Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті. Ричард Уильям Вейтц біздің жүйені Германия мен Францияның саяси жүйелерімен салыстыруға болатынын атап өтті. Ұсыныстарға сілтеме жасай отырып, америкалық бақылаушы Қазақстандағы пікірсайыстарға көбірек ақша бөлуге болар ма еді деген пікір айтты, өйткені АҚШ-та, мысалы, оған миллиондаған доллар жұмсайды, ал Қазақстан әлдеқайда аз ақша бөлінеді.



Ағымдағы сайлауды тікелей бақылауға қатысты спикер былай деді: «Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде, дауыс берушілер аз. Маған бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады деді. Сайлаушылардың басым бөлігі үлкен кісілер болды. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көреді», - деді Ричард Уильям Вейтц.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.