AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ-та алғаш рет құс тұмауынан адам өлімі тіркелді

АҚШ-та алғаш рет құс тұмауынан адам өлімі тіркелді

Әлем 23.11.2025, 15:11 483 Дина
АҚШ-та алғаш рет құс тұмауынан адам өлімі тіркелді
Сурет: 24.kz, видеодан скрин

АҚШ-та алғаш рет H5N5 штаммындағы құс тұмауынан адамның қайтыс болғаны тіркелді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бұл жағдай Вашингтон штатында расталды.

Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, көз жұмған адам жасы үлкен және ауыр созылмалы дерттері болған. Бұған дейін H5N5 штаммы адамдар арасында кездеспеген.

Науқастың үй ауласында әртүрлі түрдегі үй құстары ұсталғаны анықталды. Қауіпсіздік мақсатында отбасы мүшелерінің деректері жарияланбай отыр.

Денсаулық сақтау органдары халыққа қауіп деңгейі төмен екенін атап өтті. Пациентпен байланыста болған адамдардың ешқайсысынан вирус анықталмаған, адамнан адамға жұғу фактілері де тіркелмеген.

Соңғы жылдары құс тұмауы сүткоректілер арасында да жиі тарала бастаған. 2024 жылы АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауының кейбір жануарларда да анықталғанын хабарлаған еді.

CDC дерегінше, АҚШ-та жалпы 70-тен астам адамда жұқтыру жағдайы расталған (Вашингтондағы соңғы жағдайды есептемегенде). Көпшілігі ауру малмен, құс фабрикаларында немесе жұқтырылған жануарлармен жұмыс кезінде инфекция жұқтырған.

ABC News хабарлауынша, көбіне ауру жеңіл симптомдармен: көздің қызаруы, дене қызуының көтерілуімен өткен. Алайда кейбір науқастарда ауыр белгілер байқалған. Бұған дейін қаңтар айында АҚШ-та құс тұмауынан алғашқы адам өлімі тіркелген болатын — ол да жасы үлкен, денсаулығында күрделі мәселелері бар пациент еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құс тұмауы #АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);