AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / АҚШ Қазақстандағы санкцияның алдын алады

АҚШ Қазақстандағы санкцияның алдын алады

Саясат 28.02.2023, 14:22 1,792
АҚШ Қазақстандағы санкцияның алдын алады
Сурет: Ашық дереккөз

Санкция – агрессияны тоқтату үшін жасалған қадам


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен санкция Ресей агрессиялық әрекетіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



«Әлем бойынша ондаған ел Ресейге санкциялар салды. Себебі Ресей Украинаға қарсы соғысты бастады. Ол тек Украинаға қарсы соғыс емес, жалпы халықаралық, БҰҰ-ның аумақтық тұтастық пен егемендікті сақтау қағидаттарына қарсы шығу. Оның ішінде Қазақстан да бар. БҰҰ құрамындағы елдер Ресейдің жасағанына қарсы шықты», - деді АҚШ өкілі.



Энтони Блинкеннің айтуынша, санкция – агрессияны тоқтату үшін жасалған қадам.



«Біз Ресей өз әскерін Украинадан шығарып, Украина аумақтық тұтастығын сақтағанын қалаймыз. Қазір бірқатар елмен сөйлесіп жатырмыз. Оның ішінде осы С5 елдері бар. Себебі бұл әрекеттің экономикалық салдары бар. Одан әлем бойынша барлық ел зардап шегуі мүмкін. Оның ішінде Орталық Азия елдері де бар. Біз өз серіктестерімізбен ақпарат алмасып, С5 елдеріне көмек беруге тырысамыз»,- деді Энтони Блинкен.



Ол оған біршама уақыт керегін айтты.



«Орталық Азия өңіріне барынша көмек көрсетіп жатырмыз. 25 млрд доллар экономикалық тұрақтылық бастамасы аясында бөлінді. Сауда дамыту, экспорт нарығын ашу, жеке секторға инвестиция тарту үшін 50 млн доллар бөлініп отыр. Ресей  агрессиясының әлемге үлкен ықпалы болуы мүмкін»,- деді ол.



Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ешқандай қазақстандық компания жанама санкциялардан зардап шекпегенін айтты.


Бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеудерді мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің келіссөздерінің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #санкция #блинкен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);