AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкер...

АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды

Әлеумет 11.01.2025, 13:15 1,206
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
ССК «Звезда»

2025 жылдың 10 қаңтарында АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы ең қатаң санкциялар пакетін жариялады. Бұл шектеулер Ресейдің мұнай кірістеріне бағытталып, елдің мұнай-газ секторындағы негізгі ойыншыларды, сондай-ақ ресейлік мұнайды тасымалдайтын 180-нен астам кемені қамтиды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Санкциялық тізімге «Газпромнефть», «Сургутнефтегаз» және олардың еншілес компаниялары, соның ішінде мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай өндіруші кәсіпорындар кірді. Олардың қатарында Мәскеу және Омбы МӨЗ-дері, «Газпромнефть-Ноябрьскнефтегаз», «Газпромнефть-Оренбург» және басқалары бар. Шектеулер «Газпром нефтьтің» Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Сербия (NIS) және Люксембургте тіркелген Gazprom Neft International шетелдік құрылымдарын да қамтыды.

Санкцияға «Роснефтефлот» компаниясына тиесілі, ұзындығы 250 метр, жүк көтерімділігі 114 мың тонна болатын «афрамакс» класты мұнай танкері де ілікті. Бұл кеме шикі мұнай және сұйық жүктерді тасымалдауға арналған.

Бұл танкер 2020 жылдың 6 шілдесінде Ресейдің «Звезда» кеме жасау кешенінде Қазақстанның тұңғыш президентінің 80 жылдығына орай салынған. Назарбаевтың есімі танкерге Ресей үкіметінің Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін мойындауы ретінде берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#санкция #мүнай #газ #шектеу #АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);