ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / АҚШ пен Қытай TikTok-қа қатысты келісімге келді

АҚШ пен Қытай TikTok-қа қатысты келісімге келді

Мұны білген жөн 16.09.2025, 16:58 433
АҚШ пен Қытай TikTok-қа қатысты келісімге келді
depositphotos.com
АҚШ пен Қытай TikTok әлеуметтік желісіне қатысты "негізгі құрылымдық" келісімге қол жеткізді. CNBC жазуынша, бұл туралы АҚШ жаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz...

АҚШ пен Қытай TikTok әлеуметтік желісіне қатысты "негізгі құрылымдық" келісімге қол жеткізді. CNBC жазуынша, бұл туралы АҚШ жаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бұл екі жеке компания арасында болып отыр, коммерциялық шарттары келісіліп қойған", – деді ол Мадридте өткен АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөз барысында.

Президент Дональд Трамп пен Қытай президенті Си Цзиньпин жұма күні келісімнің нақты шарттарын талқыламақ. Трамп Truth Social парақшасында жастар "сақтап қалғысы келген" компанияға қатысты келісім жасалғанын жазды.

Бессенттің айтуынша, бұл келісім TikTok-тың АҚШ бақылауына өтуіне жол ашуы мүмкін. Ал TikTok әзірге түсініктеме берген жоқ. Reuters жазуынша, Қытайдың бас сауда келіссөзшісі Ли Чэнган да келісімнің бар екенін растаған әрі АҚШ-ты қытайлық компанияларға қысым жасамауға шақырған.

Бұл мәлімдемелер АҚШ пен Қытай арасындағы кейінгі сауда келіссөздері аясында айтылды. Соңғы айларда тарифтер мен сауда шектеулеріне байланысты екі ел арасындағы қатынас шиеленісе түскен еді.

TikTok-тың иесі ByteDance 17 қыркүйекке дейін АҚШ-тағы бизнесін сатуға тиіс болған, әйтпесе қосымшаның жұмысы ел аумағында тоқтатылуы мүмкін. АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грир келісімге қол қою үшін мерзімді сәл кейінге қалдыру қажет болуы мүмкін екенін, бірақ бұл шексіз созылмайтынын айтқан.

Былтыр Конгресс Apple мен Google сияқты қосымша дүкендеріне TikTok-ты таратуға тыйым салатын заң қабылдаған. Трамп қаңтарда бұл шешімді уақытша тоқтатып, ByteDance-ке мәміле жасауға қосымша 75 күн берген еді. Кейін бұл мерзім бірнеше рет ұзартылды.

Шілдеде АҚШ-тың сауда министрі Ховард Латник Қытай АҚШ-қа қосымша автономия бермесе, TikTok Америкада жабылатынын мәлімдеген. Трамп маусымда Fox News арнасына берген сұхбатында қосымшаны сатып алуға дайын "аса ауқатты адамдардың" барын айтқан, бірақ олардың есімдері әлі жарияланбады. Бұған дейін ол TikTok-тың АҚШ-тағы нұсқасын Oracle басшысы Ларри Эллисон немесе Tesla басшысы Илон Маск сатып алуы мүмкін екенін де хабарлаған. Сонымен бірге Perplexity жасанды интеллект стартапы және кәсіпкер Фрэнк МакКурттің Project Liberty тобы да сатып алуға өтініш берген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.