AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Аққуым менің...

Аққуым менің...

Оқиға 08.11.2021, 16:59 1,869
Аққуым менің...
inform.kz

СҚО-да мұз құрсауында қалған аққу құтқарылды



Солтүстік Қазақстан облысындағы көлде қалып қойған екі аққудың бірін құтқарушылар мұз құрсауынан босатты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Петропавл маңындағы тұзды көлде екі аққудың қалып қойғандығы туралы құтқарушыларға тұрғындар хабарлаған. Алты маманнан тұратын құтқару тобы оқиға орнына барды.



«Қазір көлдің бетіне шығу аса қауіпті. Әдетте мұздың қатқанын күтеміз. Қазір оның қалыңдығы небары 6 см ғана. Кез-келген уақытта ойылып кетуі мүмкін. Арнайы шанамыз бар. Екеуіміз мұз бетіне шықсақ, екі құтқарушы жақын жерде көмек беруге дайын тұрады. Мұндай операция кейде бірнеше сағатқа созылуы мүмкін», - дейді құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Данияр Бәділов.



Құтқарушылар мұз құрсауына қалған екі аққудың біреуін ғана ұстап алды. Екіншісі ұшып кетіп, қамыс арасына жасырынды.



«Жылда осы уақытта жылы жаққа ұша алмай қалған жабайы құстарды құтқарамыз. Былтыр 11 аққуды мұздан алып шықтық. 2017 жылы 16 құсты құтқарған едік. Әдетте кеш өскен, дұрыс жетіліп, қанаты қатайып үлгермеген балапан құстар қалып қояды. Қазір біз бұл аққуды халық арасында «жылы канал» деп аталып кеткен су қоймасына апарамыз. Жылу-электр орталығынан ағып жатқан техникалық су қыс бойы қатпайды. Құстың қыстап шығуына қолайлы. Ал біз оны өз бақылауымызға аламыз», - дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.



Маманның айтуынша, өңірге жазда 4 мыңнан астам аққу келеді. Табиғатты қорғаушылар қыс түскенге дейін су қоймаларын бақылауға алып, тобынан қойған құстарды қамқорлыққа алады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аққу #құтқару #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);