AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақмола облысында кірпіш зауыты іске қосылады

Ақмола облысында кірпіш зауыты іске қосылады

Әлеумет 27.06.2022, 14:10 1,241
Ақмола облысында кірпіш зауыты іске қосылады
сурет: Inform.kz

Зауыт жылына 120 млн дана кірпіш шығармақ


Ақмола облысында биыл кірпіш зауыты мен гидрометаллургиялық кешен іске қосылады. Бұл туралы Бурабайда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 



«Өнеркәсіп секторы өңір экономикасында басым сала болып қалуда. Республика бойынша облыстың үлесі зор. Осы ретте, Ақмола облысы подшипниктердің 100 пайызын, мамандандырылған автомобиль мен трактордың әрбір екіншісін, астық жинайтын комбайндардың 65 пайызын, әрбір 4-ші килограмм алтын өндіреді. Сонымен қатар құс еті, өңделген сүт, жұмыртқа, ұн өсімдік майын өндіруде үлесі зор. Ірі жобалар арасында жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын «Енки Плюс» зауытының құрылысы бар. Жақын арада жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылады. Ал, жыл соңына дейін құрамында алтын бар кенді өңдейтін жылдық қуаты 5 млн тонна болатын ірі гидрометаллургиялық кешенді іске қосу жоспарда бар», - деді Ермек Маржықпаев. 



Аймақ басшысы атап өткендей, Аршалы ауданында жылына 6 мың тонна құс етін өндіретін кәсіпорынның тұрақты жұмысы есебінен облыста құс етін өндіру айтарлықтай өскен. Алдағы күзде Орта Азиядағы ең ірі құс фабрикасы «Макинск құс фабрикасы» құрылысының 3-ші кезеңі аяқталады. Бұл құс етінің импортын 15 пайызға азайтуға мүмкіндік бермекші.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зауыт #кірпіш #импорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);