ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Ақмола облысында боранда жолда қалған адамдар пойы...

Ақмола облысында боранда жолда қалған адамдар пойызбен эвакуацияланды

Оқиға 26.03.2022, 07:51 1,132
Ақмола облысында боранда жолда қалған адамдар пойызбен эвакуацияланды
Cурет: Inform.kz
«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында боранда жолда қалған адамдарды эвакуациялау үшін ҚР «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан пойыз тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында боранда жолда қалған адамдарды эвакуациялау үшін ҚР «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан пойыз тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында қар құрсауында қалған 105 адам, оның ішінде 28 бала жылту орындарына эвакуацияланды. «Ақмола және Павлодар облыстарының шекарасындағы Ерейментау ауданы аумағында қатты бұрқасын болып, автожолдарда көлік қозғалысын қиындатты.



«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолында боранда жолда қалған адамдар жылыту орындары мен тұрғын үйлерге жайғастырылды. Кейін олар Өлеңті станциясы арқылы ҚР «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның пойызымен тұрғылықты жерлеріне жіберілді. Жалпы бұған дейін Өлеңті станциясына пойыз аялдамайтын еді. Бұл жолы құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың ҚР «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен арадағы уағдаластық арқылы жүзеге асырылып отыр», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. 



Эвакуацияланғандардың бірі Ғалия Қыдырова қиын жағдайда жедел көмек көрсеткен Ерейментау ауданының тұрғындары мен құтқарушыларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне алғысын білдірді.



«Ерейментаулықтарға шынайы алғысымды білдіремін. Олар бізді құтқарып ғана қойған жоқ, үйлеріне орналастырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Кейін пойызға отырғызып үйімізге шығарып салды», - дейді ол.



«Қазгидромет» РМК мәліметінше, наурыз айының соңына дейін өңірде тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек сәуір айының бірінші онкүндігінің соңына қарай күн жылына бастайды. Сол себепті Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына ауа райының жайсыздығын ескертіп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.