AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ақжолтай ақпарат! Қазақстан су спортынан алғашқы а...

Ақжолтай ақпарат! Қазақстан су спортынан алғашқы алтынын алды

Спорт 05.02.2024, 03:55 1,144
Ақжолтай ақпарат! Қазақстан су спортынан алғашқы алтынын алды
gov.kz

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары тарихта алғаш рет алтыннан алқа тақты.


Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанды. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл).


Бұл Қазақстан атлеттерінің су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі. Бірінші жүлдені былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатында техникалық бағдарламада Эдуард Ким (қола медаль) жеңіп алған.


Күміс медаль Қытай құрамасына (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши), қола жүлде Мексика командасына (Миранда Хименес пен Диего Каррильо) бұйырды.


Эдуард пен Наргиза алдағы күндері Қазақстан қоржынын тағы бір жүлдемен толықтыра алады. Ол үшін еркін бағдарламада осы қарқынынан таймауы керек.


Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтынмен 5-орынға көтерілді. Көш басында Қытай тұр. Қазір Қатарда 17 мемлекет жүлдеге ие болды.



Әлем чемпионатындағы бұған дейінгі ең үздік көрсеткіштеріміз:


2023 жыл. Әртістік жүзу. Техникалық бағдарлама. Эдуард Ким


2015 жыл. 100 метрге брасс әдісімен жүзу. 4-орын (77 қатысушы). Дмитрий Баландин


200 метрге брасс әдісімен жүзу. 6-орын (52 қатысушы). Дмитрий Баландин


2019 жыл. 100 метрге брасс әдісімен жүзу. 7-орын (87 қатысушы). Дмитрий Баландин


2019 жыл. 200 метрге брасс әдісімен жүзу. 7-орын (52 қатысушы). Дмитрий Баландин


2017 жыл. 25 шақырымға жүзу. 7-орын (25 қатысушы). Виталий Худяков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #суспорты #алтын #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);