AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақжол Герой «нағыз батыр» екен

Ақжол Герой «нағыз батыр» екен

Әлеумет 24.11.2023, 11:15 1,756
Ақжол Герой «нағыз батыр» екен
Сурет: Astanatv.kz

Бүгінгі күннің батыры: Алматы облысында сегізінші сынып оқушысы бақылаусыз қалған автобустың жолаушыларын аман алып қалды


24 қараша күні Іле ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Марат Сұлтанғазиев өзінің әрекетімен ауыр оқиғаның алдын алған жас батырды құттықтады. 22 қарашада мектептен қайтып келе жатқан бала ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Егер сегізінші сынып оқушысының батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық көлік үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Сонда оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Бірақ бақытымызға орай, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген.


№24 мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқитын кейіпкеріміз Ақжол - мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, сыныптастары мен кіші балаларға көмектесуге әрқашан дайын. Ақжол ортасымен тез тіл табысатын, ашық бала. 
Ерлігі үшін сегізінші сынып оқушысы Ақжол облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан «Алғыс хат» пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.



«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз», - деді Алматы облысының әкімі.



Сондай-ақ Сұлтанғазиев бұл іс ерлік пен батылдықтың, жауапты істің үлгісі екенін атап өтті. 
Ақжол «нағыз батыр», шынында да жақсы ата-ананың жақсы бала тәрбиелейтінін дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақжол #Герой #Батыр #оқушы #жолаушыларды құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);