Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ақжар, Алғабас және Теректі

Ақжар, Алғабас және Теректі

Әлеумет 11.08.2023, 03:31 892
Ақжар, Алғабас және Теректі
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының шетіндегі 215 көше жол-жөндеу жұмыстарымен қамтылады.


Алматыда жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте, мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматыға қосылған аудандарда жаңа жолдар салуға ерекше көңіл бөлінеді. Қала шетіндегі жолдарда асфальтбетон жабыны болмады. Осы аудандарда ең алдымен  инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде, кейін соңғы кезең  ретінде асфальт төселуде.



Мәселен, ағымдағы жылы Алматыда ұзындығы 200 км болатын 230 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарлануда (200 км жолдың 73-і Наурызбай және Алатау аудандарында). 215 көше аудандық маңызы бар көшелер болып табылады. Қаланың шет аймақтарындағы Алғабас, Теректі, Томирис, Қарасу, Ақбұлақ, Зерделі, Шапағат, Шұғыла, Таусамалы, Қалқаман, Рахат, Жас Қанат шағын аудандарына ерекше көңіл бөлінді.


Бекітілген кестеге сәйкес жол жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Бүгінде ұзындығы 26 км болатын 38 көшеге асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізілді.


Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жолдарды орташа жөндеу және салу жұмыстарының барысы туралы айтып берді.



«Наурызбай ауданы бойынша орташа жөндеу аясында біз 13,8 км жөндеуіміз керек.2022 жылы біз 14 км жөндедік, жол құрылысы аясында биыл 6,4 км салуды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы біз 9,5 км жол салдық», - деп атап өтті С. Телібаев.


Сондай-ақ, басқарма басшысы Ақжар ш/а-да бұрын жол жамылғысы болмаған көшелерде жаңа жолдардың құрылысы жүріп жатқанын, жолдардың жалпы ұзындығы 35,8 км құрайтынын хабарлады.


«Ақжар шағын ауданында инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер бойынша жұмыстар аяқталған көшелерде қалалық мобильділік басқармасы дайындығына қарай жаңа жолдар салу бойынша жұмыстарды бастайтын болады.Биыл 3 шақырым жол салуды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл учаскеде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы учаскедегі асфальтбетон жабынының құрылысын ескере отырып, ағымдағы жылдың 25-26 қыркүйегіне дейін жұмысты аяқтауды жоспарлануда. Қалған ұзындығы 32,8 км инженерлік желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар бізге дайын болған кезде тапсырады, бұл келесі жылға арналған жоспарлар», - деді ол.


Алатау ауданында «Алғабас» және «Теректі» ш/а ұзындығы 3,7 км 12 көшеде жол жабынын жөндеу жоспарлануда. Бүгінде ұзындығы 1,7 км 6 көшеде жұмыстар аяқталды, қалған көшелер ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін жөнделеді.


Сондай-ақ, Сағындық Төлеубаев Алатау ауданы Алғабас шағын ауданындағы орташа жөндеу барысы туралы айтып берді. «Алатау ауданындағы Ф. Оңғарсынова көшесінің бойында тротуарларды орналастыру бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көшенің шығыс жағында ешқашан тротуар болған емес, биыл біз жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін тротуар орнату жұмысын бастадық» -, деді ол. Алатау ауданы бойынша орташа жөндеу аясында жыл соңына дейін 63 шақырым жолды жөндеу жоспарланғанын хабарлады. Сонымен қатар, жаңа құрылыс аясында 7,7 шақырым жолды қамту жоспарлануда.


Айта кетерлігі, «Қарасу», «Шапағат», «14  территория», «Шұғыла», «Жас Қанат» шағын аудандарында орташа жөндеу жұмыстары инженерлік коммуникациялар құрылысы толық аяқталған соң және гидробайланыс актісі ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.



Көше-жол желісін орташа жөндеу қала көшелерін, жол жабынының бүкіл ені бойынша жол құрылыстарын  алғаш пайдалануға берген кездегі қалпына  келтіруге қатысты жұмыстарды сапалы жүргізу қарастырылған.


Жаңа жолдарды салу кезінде алдымен табиғи қиыршық тас қоспасы, содан соң оның үстіне қиыршық тас қоспасы қайта төселеді. Осыдан кейін асфальтбетон жабыны екі рет төселеді - біріншісі ірі түйіршікті қоспа, оның қалыңдығы 6 см, екіншісі ұсақ түйіршікті қоспа, оның  қалыңдығы 5 см.


Еске салсақ, Алматы қаласында ұзындығы 3 097 шақырым болатын 2746 көше бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақжар #алғабас #Теректі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.