Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Аптап ыстықтан жануарлар қалай қорғанады?

Аптап ыстықтан жануарлар қалай қорғанады?

Әлеумет 15.07.2023, 11:17 1,193
Аптап ыстықтан жануарлар қалай қорғанады?
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алматының хайуанаттар бағының жануарлары шіліңгір шілденің аптабынан қалай қорғанып жатыр?


Зообақ қызметкерлері жануарларды тамашалауға келген адамдар тарапынан осындай сұрақтар жиі қойылатынын айтты. Сол себепті де олар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында видео жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.





"Күн ыстық, қапырық... Көп адамдар зообақтағы жануарлар аптап ыстыққа қалай шыдайды деп сұрақ қояды. Біздегі жануарлардың барлығы қажетті сумен қамтамасыз етілген. Бірақ, хайуанаттар бағына келушілер жануарларға арналған су құятын ыдыстарды байқай бермейді. Мысалы, ягуар, леопард, пума, түлкі, қасқырларға берілетін сулар техникалық аймақта орналастырылған ыдыстарда болады. Ол жердегі суларды жиі ауыстырып тұруға қауіпсіз әрі ыңғайлы. Техникалық аймақтағы сулар таза әрі салқын болып тұрады. Сондықтан, суларды біз негізінен үйшіктерге, көлеңкеге қоямыз", - делінген жазбада.


Борсық, ақ аю, жолбарыстар бассейнде шомылғанды жақсы көреді. Ал, пілдер үшін арнайы сенсорлы душ орнатылғаны айтылды.


Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода шимпанзе балмұздақ жеп отырғаны, піл душқа түсіп жатқаны және арыстандардың үстіне су шашылып жатқаны көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Хайуанаттар бағы #ыстықтан қорғану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.