AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аптап ыстықтан Еуропаның ең атақты туристік орында...

Аптап ыстықтан Еуропаның ең атақты туристік орындары жабылып жатыр

Әлеумет 28.07.2023, 06:16 1,192
Аптап ыстықтан Еуропаның ең атақты туристік орындары жабылып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Еуропадағы аптап ыстықтан әйгілі туристтік орындар жабылып жатыр.    


Жылына миллиондаған турист баратын Парфенон ғибадатханасы орналасқан Афиныдағы Акрополь түстен бастап кешкі беске дейін жабық болады екен. Ауа райы болжамы бойынша Афиныдағы аптап ыстық + 41 градусқа дейін барады. Оның үстіне Акрополь ашық жерде орналасқан, онда күннен тығылып, сая қылатын көлеңкелі орын да таба алмайсың. Сондықтан мұндай шектеу амалдың жоғынан салынып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengritravel.kz.-ке сілтеме жасап.


Италияда да ауаның ыстығы 45 градусқа дейін баратыны айтылды. Мұнда қазірдің өзінде Колизейге кіре алмайсыз. Сонымен қоса, Испания, Франция, Германия мен Польшада да аптап ыстық күтіледі. Бұл елдердегі ауаның ысуы Еуропа рекорды - Цельси бойынша 48,8 градустан асып түсуі мүмкін. Соңғы рет мұндай ыстық 2021 жылы Сициляда тіркелген еді.


Ал Испанияда демалушыларға жағажайдан қашу керек болатыны айтылды, өйткені құмның қызуы 60 градусқа дейін барады екен, ал ауа температурасы +48. Әзірге мұндай ауа райы тек елдің батысындағы теңізбен шектеспейтін Эстремадура аумағында ғана тіркеліп отыр. Дегенмен турситерге барынша жағажайдан алыс болу керегі ескертіліп жатыр.


Еске салайық, Еуропадағы аптап ыстықтың себебі "Цербер" антициклоны болып отыр. Ыстық ауа ағымдары Еуропаға Сахарадан барады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еуропа #Демалыс орындары #турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);