AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Apple, Microsoft, OpenAI, Temu: шетелдік компаниял...

Apple, Microsoft, OpenAI, Temu: шетелдік компаниялар Қазақстанға 118,4 млрд теңге салық төледі

Әлем 06.11.2025, 16:58 466 Дина
Apple, Microsoft, OpenAI, Temu: шетелдік компаниялар Қазақстанға 118,4 млрд теңге салық төледі
Сурет: almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда интернет арқылы тауар ұсынатын немесе электронды қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қатысты жаңа салық тетігі енгізілген, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Көпшілікке «Google салығы» ретінде белгілі бұл механизм шетелдік платформаларды Қазақстанда тіркелуге және 12% мөлшерлемемен қосылған құн салығын төлеуге міндеттейді.

Қазіргі таңда елімізде 118 шетелдік компания тіркелген. Олардың қатарында Apple, Microsoft, OpenAI, Canva, Valve және Temu секілді әлемдік алпауыт брендтер бар. 2025 жылдың өзінде Chess.com, Canyon Bicycles GmbH және тағы 20 компания тізімге қосылған.

Комитеттің мәліметінше, жаңа жүйе күшіне енгеннен бері шетелдік интернет-платформалар Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге аударған. Оның 48,6 млрд теңгесі 2025 жылдағы түсім, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 млрд теңгеге артық.

2025 жылы ең ірі салық төлеушілердің алғашқы үштігіне Valve Corporation (8,6 млрд тг), Apple (8 млрд тг) және Temu (6,2 млрд тг) кірген.

Ведомство Қазақстан енгізген бұл модель ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес келетінін және әлемдік тәжірибеге толық сай екенін атап өтті. Осындай цифрлық салықтар Еуропалық одақ елдерінде, Ұлыбританияда, Канадада, Үндістанда, Жапония мен Австралияда да қолданылады.

Комитет өкілдері «цифрлық ҚҚС» енгізу бір жағынан мемлекеттік бюджеттің кірісін ұлғайтса, екінші жағынан отандық IT-компаниялар үшін тең бәсекелестік алаң қалыптастырып, цифрлық қызметтер нарығында ашықтық пен әділдікті арттырғанын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);