AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Apple компаниясы iPhone шығаруды тоқтатты

Apple компаниясы iPhone шығаруды тоқтатты

Әлем 11.12.2021, 10:41 1,657
Apple компаниясы iPhone шығаруды тоқтатты
Cурет: JESHOOTS-com

Бұл жаңалық тек Азияға қатысты. Компания осы өңірдегі серіктестерінің зауытында өнім шығармайды


Apple компаниясы құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне байланысты Азиядағы серіктестерінің зауытында iPhone мен iPad шығаруды тоқтатты, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Айқын» басылымына сілтеме жасап.


Nikkei басылымының мәліметінше, жыл сайын жаңа жыл қарсаңында Қытай фабрикалары 24 сағат жұмыс істеу режиміне көшеді. Алайда 2021 жылы зауыттар 10 жылда алғаш рет өнім шығаруды тоқтатты.


Инсайдерлердің айтуынша, жұмысшылардың жұмысын жалғастыруына қажет құралдардың жетіспеушілігі себеп болып отыр. Мамандар Apple компаниясының өндіріс көлемін миллион бірлік гаджетке дейін қысқартқанын мәлімдеді. Осының салдарынан компания миллиард доллар көлеміндегі табысынан айырылмақ. Сондай-ақ, қазір смартфон немесе планшетке тапсырыс бергендер оны 2022 жылдың басына дейін ала алмауы мүмкін.
Nikkei мамандарының анықтауынша, қазіргі уақытта iPhone 13 Pro Max гаджетін жасап шығару үшін екі мыңға жуық бөлшек жетіспейді. Оның үстіне қымбатқа түсетін – процессор, модуль, экран және 5G тапшы болып отыр.



«Қажет компоненттің 99%-ы қолыңызда бола тұрып, тағы бір, екі немесе үшеуі жетіспесе, онда өнімді құруды бастай алмайсыз», – деп түсіндірді Америкадағы компаниялардың біріне тапсырысты жеткізуші.



Samsung, Xiaomi, Oppo, HP, Dell, Acer, Nintendo сынды компаниялар да дәл осындай қиындықтарға тап болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Apple #смартфон #Азия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);