AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Apple Fest: Алматының алмалары мен ерекше жетістік...

Apple Fest: Алматының алмалары мен ерекше жетістіктері мерекесі

Әлеумет 15.09.2024, 15:58 1,409
Apple Fest: Алматының алмалары мен ерекше жетістіктері мерекесі
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев
 

Биылғы Apple Fest алматылықтар мен қала қонақтарының есінде тек ауқымды мәдени бағдарламасымен ғана емес, сонымен қатар ерекше жетістіктерімен қалды. Фестиваль тарихында алғаш рет 1 700 литр алма компоты қайнатылып, бұл Гиннестің рекордтар кітабына енді. Компотты сатудан түскен қаражат қала саябақтары үшін құс үйлерін, қоректендіргіштер мен ағаш және бұта көшеттерін сатып алуға бағытталады.

Apple Fest аясында алматылық 50 бағбан 130 тоннадан астам алма, соның ішінде әйгілі «апорт» сортын ұсынды. Парк аумағында цирк шапито жұмыс істеп тұр, оның астында «Курьез» клоундар квартеті, тросттардағы эквилибр, Эфиопиядан келген Black Eagles командасы икарий ойындарымен, роликтегі акробаттар, арқанмен жүрушілер және үйретілген жылқылар мен иттер өнер көрсетеді. Айта кету керек, цирк 25 қыркүйекке дейін жұмысын жалғастырады. Цирк қойылымдарынан басқа, барлық концерттер мен аттракциондарға тегін кіруге болады.

Фестивальдің басты сахнасында Republic би ұжымы, әнші Толқын Забирова, Sopranova және Umberto project топтары өнер көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, еңбек сіңірген әртіс Бақтияр Тайлақбаев және Алматы қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрі концертті жалғастырды. Одан кейін этнотоп Steppe Sons, Umberto project, «Асу» тобы, Димаш Дәулетов, Kyle Ruh, Дәурен Байбори, Ерназар Жұбан, Бауыржан Мусин, Диана Исмаилова және басқа да әртістер көрермендерді қуантты.

Фестиваль кезінде саябақ аумағы тақырыптық аймақтарға бөлінді. Мысалы, «Бақша инновациялары» аймағында қонақтарға Алматының көгалдандыру барысында инновациялық тәсілдер қалай қолданылатыны көрсетілді. «Гүл ғажайыптары бульвары» үлкен баққа айналды.

Сонымен қатар, алма, қолөнер, крафт өнімдері жәрмеңкесі, Елшілік аллеясы, бақша құрал-жабдықтары жәрмеңкесі сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды. Күні бойы ашық аспан астындағы кинотеатрда қазақ киносының «Алтын қорынан» фильмдер көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #Apple Fest
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);