Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Апатты үйлердің орнында көпқабатты баспана салынад...

Апатты үйлердің орнында көпқабатты баспана салынады

Әлеумет 09.11.2022, 15:02 1,102
Апатты үйлердің орнында көпқабатты баспана салынады
Сурет: Baq.kz

Павлодарда үйлер сүріле бастады


Ертіс өңіріндегі Затон шағын ауданында орналасқан апатты үйлер сүріле бастады. Алдағы жылдары осы аумақта бірнеше көпқабатты үй бой көтереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Шағын аудандағы екі қабатты ағаш үйлер өткен ғасырдың 30-50-ші жылдары салынған. Уақыт өте келе коммуналдық желілері істен шығып, апатты деп танылған. Құлаудың шақ алдында тұрған баспана иелері бұған дейін жергілікт билікке шағымданып келген. Бүгінде төбесі опырылып, қабырғасы сөгілген пәтерлердің кейбіреулері бос тұр. Себебі, тұруға қолайсыз. Ал барар жері, басар тауы қалмаған азаматтар қауіпті баспананы паналауға мәжбүр. 
Сүріліп жатқан үйлердің кейбіреулері 1928 жылы салынған. Қазіргі уақытта тозығы жеткен пәтерлерде не су, не жылу жоқ. Апатты үй тұрғындары бұл күндер артта қалатынына сенер емес.
Жекеменшік құрылыс компанияның өкілі Әлия Жүсіпованың айтуынша, алдағы жылы екі көпқабатты үй бой көтереді. 117 пәтер қолданысқа беріледі.



«Пәтер иелеріне уақытша қоныс ұсынылды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң бұрынғы пәтерлердің аумағына сәйкес үй беріледі. Біз тек нысан құрылысына жауаптымыз. Ал жергілікті атқарушы орган инженерлік коммуникацияларды желілерді тартуға уәде беріп отыр. Болашақта бұл шағын ауданда тағы бірнеше үй салмақпыз. Автотұрақ, балалар орталығы болады деп жоспарланған. Әзірге үйлер сүріліп жатыр. ал құрылыс бір айдан соң басталады», - дейді Әлия Жүсіпова.



Жауапты мекеме өкілдерінің хабарлайынша, нақты жоспарлау жобасы екі апта бұрын бекітілген. Алдағы уақытта 20 апатты үй бұзылады. Жеті заманауи үй салынады. кешенді жоба енді жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта инженерлік коммуникацияларды тартуды жобалап жатыр.  Оның аясында шағын аудан аумағында балалар шағын орталығы, ойын алаңдары қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павлодар #ескі үйлер #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.