AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әнұранды сыйламасаң...

Әнұранды сыйламасаң...

Заң мен тəртіп 29.09.2023, 06:43 1,202
Әнұранды сыйламасаң...
Сурет: Atpress.kz

Айыппұл төлейсің!


Әнұранға лайықты құрмет көрсетпеген атыраулық әскери қызметшіге 172 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


AtyrauPress порталының мәліметі бойынша, Мақат ауданында өткен спорттық шара кезінде Әнұран орындалғанда әскери қызметшілердің біреуі оң қолының екі саусағын ғана кеуде тұсына қойып тұрғаны видеоға жазылып қалған. Осыдан кейін мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат пен аудан әкімініне шағым түсіріп, Әнұранға лайықты құрмет көрсетпеген әскери қызметшіні жауапқа тартуды талап еткен.


Жергілікті полиция басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, арыз "Е-Өтініш" порталы арқылы тіркелген. Одан кейін полиция бөлімінің қарауына түсті.



"Кінәлі адам анықталды, оған заң бойынша әкімшілік айыппұл салынды", - дейді Биғамбаев.



Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 458-бабы, 1-тармағы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау) бойынша хаттама рәсімделді. Оған сәйкес, әскери қызметшіге 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бір аптаның ішінде айыппұлдың жартысын ғана төлеуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әнұран #полиция #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);