ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Антониу Гутерриш Владимир Путинмен кездесті

Антониу Гутерриш Владимир Путинмен кездесті

Әлем 27.04.2022, 04:45 1,046
Антониу Гутерриш Владимир Путинмен кездесті
Гутерриш қоршауда қалған бейбіт тұрғындарға кетуге қолайлы жағдай жасауды сұрады.

Гутерриш қоршауда қалған бейбіт тұрғындарға кетуге қолайлы жағдай жасауды сұрады.


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Мәскеуде Ресей Президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.


Антониу Гутерриш Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытында қоршауда қалған бейбіт тұрғындарға кетуге қолайлы жағдай жасауды сұрады. Ол эвакуацияны «Қызыл Крест» халықаралық ұйымымен бірлесіп іске асыруды ұсынды.



«Мен бұл өкпе-ренішті түсінемін, бірақ мұндай өкпе-реніш Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының әртүрлі құралдары арқылы шешілуі тиіс. Бір нәрсе анық, қандай да бір елдің жер тұтастығын бұзу Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысына мүлде сәйкес келмейді. «Азовсталь» зауытында қамалып қалған адамдардың біразы Ресейге, бірқатары Украина билігінің бақылауындағы жерге барғысы келеді. «Қызыл Крест» халықаралық ұйымымен бірлесіп, барлық ресурсты жұмылдырып, 2 елдің билігімен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, қоршаудағы адамдардың кетуіне мүмкіндік жасалса, жақсы болар еді», – деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.



Владимир Путин Қырым түбегі мен Донбасста өзін-өзі жариялаған халық республикаларына қатысты жер дауын шешпей, ешқандай келісімге қол қойылмайтынын жеткізді. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Кремль басшысы Гутерриштің Мариупольдегі бейбіт тұрғындарды көшіру туралы ұсынысын қабылдады деп мәлімдеді.



«Біз Қырым, Севастополь және Донбасс республикаларына қатысты аумақтық мәселелер шешілмей, қауіпсіздік кепілдігі туралы келісімге қол қоя алмаймыз. Бірақ сонда да келіссөздер онлайн түрде жалғасып жатыр. Нәтижесі оң болады деп сенемін. Мариупольдегі жағдайға келсек, Украина билігі онда бейбіт тұрғындар бар дейді. Олай болса, украин әскері адамдардың кетуіне мүмкіндік берсін. Әйтпесе, олардың қазіргі ісі Сириядағы бейбіт халықты қалқан қылған «ДАИШ» содырлары сияқты», – деді РФ Президенті Владимир Путин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.