AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Әнші Төреғали Төрәлі қабағын жарған жігітпен татул...

Әнші Төреғали Төрәлі қабағын жарған жігітпен татуласты

Оқиға 05.10.2022, 13:12 1,666
Әнші Төреғали Төрәлі қабағын жарған жігітпен татуласты
Сурет: Ашық дереккөзі

Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рахмет!


Төреғали Төрәлі Алматы облысының Көлсай көлдерінде болған жанжал кезінде қабағын жарған жігітпен татуласты, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Адамзаттың тарихы тыйым еткен жемісті жеймін деп қателесіп, артынша бірден тәубесіне келген Адам атаның тарихынан басталмай ма? Біз де сол ашуланса да, шаттанса да, соңы немен бітерін болжай алмайтын, пайда, зиянды өлшей алмай қалатын пенденің біріміз. Сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтын қазақ халқының таза пейілі ғой. Ал, сол сахнадағы адамның пенделік кем-кетігін көрсе, қалған көңілі қатқан мұздай болатыны да баладай аңғалдығы емес пе? Халықтың көз алдында жүрген адам болғандықтан әр әрекетіміз көпшіліктің назарында болып тұр ғой. Әйтпесе, қай ер азамат шекіспей жатыр? Кімнің аузынан эмоцияға берілген артық сөз шықпай жатыр? Қай қуыста кім төбелеспей жатыр? Орыстар келіп қалды деп пәтерді қымбаттатып, қаракөз қазақтарды қуып, пайда таппақшы болған арам пиғылдар секілді осы төбелесті де іске жаратып, рейтингімізді көтеріп алайық деген ниеттілердің де аз болмай тұрғандығы да өкінішті. «Адамның күнәсін айта бермеңдер. Күнәсін көргенмен тәубесін көрген жоқсыңдар» демекші, сіз бен біз сөз етіп жүрген біреудің айыбы Алланың алдында әлдеқашан кешіріліп кетуі мүмкін. «Ер шекіспей, бекіспейді» деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рахмет! Қызық болғанда, бүгін Бекарыс бауырымыздың дүниеге келген күні екен. Ғұмырың ұзақ, өмірің берекелі болсын інім! Бір басың екеу болып, адал жар некең болып, Келінді анаң көріп, тойыңды әкең көріп. Әке болып ақ әжеңе шөбере әкел беріп. Сол тойда мен жүрейін бұйырса көкең болып»,- деп жазған әнші Төреғали Төрәлі өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.


Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төрәлінің оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізгенін хабарладық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Төреғали #төбелес #Татуласты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);