AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Әнші Бүркіт қызды болды

Әнші Бүркіт қызды болды

Мәдени Алматы 17.05.2025, 18:28 1,529
Әнші Бүркіт қызды болды
Сурет видео скрині

Белгілі әнші, композитор әрі продюсер Бүркіт (шын аты – Айбек Жансейітов) отбасылық өмірінде тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында төртінші рет әке атанғанын қуана хабарлады. Бұл жолы сүйікті жұбайы Аиша (Динара Бақтыбаевамен) бірге олар қызды болды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

«Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым!» – деп жазды Бүркіт әлеуметтік желіде. Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері жаңа туған нәрестеге ақ тілектерін жаудырып, отбасына бақыт тіледі.

Айта кетейік, Бүркіт пен Аиша 2010 жылдан бері отбасыл. Бұл – олардың төртінші перзенті. Әншінің жазбасынан-ақ көптен күткен қуаныш екенін аңғаруға болады. «Қыз бала – үйдің гүлі» деген қазақы ұғымды ардақ тұтатын ел үшін бұл жаңалық ерекше жылылықпен қабылданды.

Бүркіттің жазбасына мыңдаған лайк пен пікір қалдырылып, «Алла аман өсірсін», «Қуанышты бөліскеніңізге рақмет», «Бауы берік болсын» деген тілектер жазылды. Елге танымал тұлғалар – Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан сынды әріптестері де шын жүректен құттықтауларын білдірді.

Бүркіт пен Аиша қазақ эстрадасында жұп болып өнер көрсетіп келе жатқан танымал тұлғалар. Олар бірқатар хит әндер мен бейнебаяндарымен көрермен жүрегінен ерекше орын алған. Сонымен қатар Бүркіт бірнеше кино жобалардың режиссері әрі продюсері ретінде де танымал. Бұл жанұяның өнер мен отбасын қатар алып жүруі – жастар үшін үлгі боларлық.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бүркіт #Аиша #Әншілер #шоу-бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);