AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Анкарада Қазақстан мен Түркия достығына арналған с...

Анкарада Қазақстан мен Түркия достығына арналған саябақ ашылды

Саясат 28.04.2023, 09:53 2,045
Анкарада Қазақстан мен Түркия достығына арналған саябақ ашылды
Сурет: Egemen.kz

Салтанатты шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Түркия Ұлттық Мәжілісінің басшысы Мұстафа Шентоп қатысты.


14 мың шаршы метр болатын отбасылық саябақтың ашылуы Түркияның 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Мәжіліс төрағасы барша түрік халқын осы мерейлі мерекемен құттықтап, бақ-береке тіледі. Жаңа саябақ мәдениеті мен тарихы ортақ екі елдің ынтымағының символы екенін атап өтті. Мұнда түркі жұртына ортақ Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк жазба ескерткіштерінің көшірмелерімен қатар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні мен ғұлама ғалым Әл-Фарабидің ескерткіштері де орнатылған.



«Күннен күнге, жылдан жылға біздің достығымыз нығайып келе жатыр. Оның нығайуына үлкен ықпал етіп отырған біздің мемлекеттеріміздің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Таийп Ердоған мырзалар. Бізде Қазақта айтады «Ағаш тамырымен мықты, адам достарымен мықты» деген сөз бар. Сіздер сияқты достарымызбен мықтымыз. Сол достықтың бір көрінісі мына саябақтың ашылуы», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов. 



Сапар барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов түркиялық әріптесі Мұстафа Шентоппен екіжақты кездесу өткізді. Алдымен Түркияда болған жойқын жер сілкінісі қазақ халқының қабырғасын қайыстырғанына тоқталып, көңіл айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінген облыстарда әлеуметтік ғимараттардың құрылысы жоспарланып отырғанын атап өтті. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Түркия #Достық #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);