ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Анкарада «Алматы Ақшамы» газеті фототілшісінің көр...

Анкарада «Алматы Ақшамы» газеті фототілшісінің көрмесі өтеді 

Не? Қайда? Қашан? 01.10.2024, 15:43 872
Анкарада «Алматы Ақшамы» газеті фототілшісінің көрмесі өтеді 
aqshamnews.kz
«Alatau Aqparat» медиахолдингі мен «Түркісой» халықаралық түркі мәдениеті ұйымы бірлесіп, «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Самат Серікбайұлының «Ұлы даланың салт-дәстүрі» /Türk Yurtlarında...

«Alatau Aqparat» медиахолдингі мен «Түркісой» халықаралық түркі мәдениеті ұйымы бірлесіп, «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Самат Серікбайұлының «Ұлы даланың салт-дәстүрі» /Türk Yurtlarında Büyük Bozkırın Kültürü/ фотокөрмесін ұйымдастырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құсайынов Самат Серікбайұлы – Сарысу ауданының тумасы, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, «Алматы Ақшамы» газетінің фототілшісі. Ұзақ жылдар бойы қазақ баспасөзінде еңбек етіп келе жатқан Самат Серікбайұлы еліміздің мәдени-әлеуметтік өміріндегі маңызды оқиғаларды фото арқылы халыққа жеткізіп келеді. Ол қазақтың мәдениеті мен табиғатын, дәстүрі мен рухын бейнелеу арқылы тарихи құндылықтарды сақтауға зор үлес қосып жүрген кәсіби фотожурналист.

«Ұлы дала мәдениеті» көрмесі — Қазақ даласының тарихы, мәдениеті және өмір салтын таныстыру мақсатындағы ерекше шара. Көрме Қазақстанның кең байтақ географиясын, оның тарихи және мәдени мұрасын, дала тұрғындарының табиғатпен үйлесімді өмірін бейнелейді.

«Ұлы дала мәдениеті» көрмесінде Самат Серікбайұлы Қазақстанның әр аймағындағы адамдардың күнделікті өмірін бейнелеп, олардың қонақжайлылығын, дәстүрлерін және табиғатпен байланысын көрерменге әсерлі жеткізеді. Оның шығармалары ұлттық мәдени мұра ретінде бағаланып, фотожурналистика саласындағы жетістіктерімен халық арасында танымал.

Көрменің басты мақсаты — Қазақстанның мәдени мұрасын танытып, Ұлы Даланың бай тарихын көркем тілмен баяндау. 
Баршаңызды көрмеге келіп, осы ерекше мәдени шараны тамашалауға шақырамыз!

Өтетін орны: Анадолы өркениеттер мұражайы
Өтетін күні: 2024 жылғы 3 қазан
Уақыты: 15:00
Кіру тегін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.