ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байла...

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты кітап тұсаукесері өтті

Әлем 18.07.2022, 14:08 1,234
Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты кітап тұсаукесері өтті
сурет: Baq.kz
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамының қолдауымен «Алаш» қозғалысының белгілі көсемі, ұлттық ғылымның негізін...

«Бабалар аманаты»


Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамының қолдауымен «Алаш» қозғалысының белгілі көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Қазақстан және Ресей суретшілер одағының мүшесі, «Үздік педагог – 2021» конкурсының жеңімпазы, профессор және «Бабалар аманаты» халықаралық жобасының авторы Қанағат Кодековтың кітабының 4-ші томының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Іс-шараға Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамының өкілдері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі, «Қазақ елі» журналының бас редакторы Серкан Динчтүрк, Анкараның университеттерінде білім алып жүрген қазақ-түрік докторанттары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Елші ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен ғылыми еңбектері туралы қысқаша айтып берді.
С. Динчтүрк белгілі суретші Қ. Кодековқа «Бабалар аманаты» атты кітабы, ата-бабаларымыздың қалдырған мұраларын келешек ұрпаққа жеткізуде, танытудағы суретшінің атқарып отырған зор еңбегіне ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Қ. Кодеков «Бабалар аманаты» ұлттық жобасына тоқтала келе, аталған жобада кәсіби және кәсіпқой суретшілердің еңбектерінің жинағынан құралған өзінің кезекті туындыны – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық құрметіне арналғанын және мұндай туындылар жас буынды тарихқа баулып, отансүйгіштікке жетелейтінін атап өтті.
Жиын соңында Елші Е. Сәпиев Қ. Кодековті Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.