Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ананың орны бөлек...

Ананың орны бөлек...

Әлеумет 12.05.2024, 10:37 1,164
Ананың орны бөлек...
Сурет: ашық дереккөзден

Алматы қаласы "Шаңырақ" ықшамауданы "Шаттық" балабақшасының тәрбиешісі Римма Аралбайқызы ана туралы ойымен бөліседі.

– Жанымызда жүрген жақын адамдардың тірі күнінде кейде қадірін білмей жатамыз. Еркеш деген әншінің бір сұхбатының есіме оралып отырғаны. Ол анасы ес білмейтін шағында қайтыс болып, әжесінің бауырында өскен жігіт екен.

Кейін мектеп бітіріп, оқуға түседі. Жатақханада ұйықтап жатқанда, бөлмелес бозбаланың телефоны үздіксіз шырылдап қоймайды. Бірақ курстасы ұйықтай береді. Еркеш мойнын созып қараса, телефонның бетінен "Мама" деген жазуды көреді. Сонда жүрегінің ауырғанын айтады әнші.

Менің анам қырық жасында дүние салды. Жас кетті. Төрт бала қалдық, үйдің үлкені мен, кішіміз небары бір жарым жаста болатын. 

Шешем қатты ауырып жүрсе де, бізге білдіртпей тік қалпында жүре беріпті. Бәлкім жұмысбасты әкемнің қызметіне сызат, ал біздің қабағымызға көлеңке түсіргісі келмегені болар, әйтеуір ортамыздан мәңгіге кетіп қалады деп өз басым мүлдем ойламаппын.

Тіпті "ыдыс-аяқты жуып тастарсың" немесе "Сіңліңді суға түсіру керек еді" дегенде, "мама, өзің істей салшы, мен сабағыма дайындалуым керек" деп бұртиған сәттерімді қазір ойласам, өзегімді өкініш тырналайды. Сол сәттер қайта келсе ғой деймін. 

Бізді жетпіске келген әжем бақты. Жеткізді. Аузымызға бар тәттісін салды. Шәй үстінде әжем бірде бізге көзі жасаурап отырып:

"Уақыт – емші, сендер де жетіліп, адам қатарына қосыларсыңдар. Мен тірі тұрғанда ешкімнен жамандық көрмейсіңдер. Дегенмен, бұл дүниеде туған шешенің "Айналайын!" дегеніне не тең келер?!" дегені есімде қалыпты. Сол сөздің астарын енді түсініп жүрмін.

Өзім де анамын, төрт балам бар. Бар жақсыны сол балапандарыма беруге тырысамын. Жаныма жалау болып жүрген жан жарым бар. Бірақ кейде жабырқап қалатын сәттерімнің болатынын жасырмаймын. Себебі, өз анаңның тірі жүргенін, қызық-қуанышыңа ортақтасып отырғанын қалайды екенсің. Бір күлімдеп қараған сәтін аңсайсың. 
Үйді жылылыққа толтырып тұратын аналардың қадірін білейік дегім келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамыр #ана #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.