ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Аналар кеңесі қоғамдағы бес кеселмен күрес жолын а...

Аналар кеңесі қоғамдағы бес кеселмен күрес жолын айтты

Мәдениет 15.10.2025, 18:32 560
Аналар кеңесі қоғамдағы бес кеселмен күрес жолын айтты
Сабина Молдинова
Камал ханым, бүгінде ҚХА Аналар кеңесі еліміздегі ең белсенді құрылымдардың бірі. Соңғы уақытта қандай бағыттарға басымдық беріп отырсыздар?

ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Камал Әлпейісова эксклюзив сұхбат берді. 

- Камал ханым, бүгінде ҚХА Аналар кеңесі - еліміздегі ең белсенді құрылымдардың бірі. Кейінгі уақытта қандай бағыттарға басымдық беріп отырсыздар?

- Иә, рас айтасыз. Аналар кеңесі әрдайымқоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып келеді. Біздің басты мақсатымыз - ұлттық құндылықтардысақтау, отбасы институтын нығайту, ұрпақтәрбиесін жүйелі жолға қою. Мемлекет отбасына, әйел мен балаға үлкен қамқорлық жасап отыр, солсаясаттың жүзеге асуына біздің кеңестің де үлесібар. Биыл біз ерекше назар аударып отырған мәселе -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев көтерген «бес кеселге қарсы күрес». Бұл -бүкіл қоғамның қатысуын қажет ететін ауқымдыбағыт.

- «Бес кесел» деген ұғымды нақтылапөтсеңіз. Аналар кеңесі бұл бағытта қандайжұмыстар атқаруда?

- Президентіміз қоғамға қауіп төндіретін бес кеселді атап өтті: жемқорлық, жалғандық, немқұрайдылық, қатыгездік және жауапсыздық. Бізосының ішінде қатыгездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ерекше тоқталдық. Аналар кеңесі«Салауатты сана» жобасы арқылы әр өңірдегіжағдайды саралады. Мысалы, Алматы облысындабиыл тұрмыстық зорлық көрсеткіші 23 пайызданастам өскен. Сол себепті Аналар кеңесінің форумын Қонаев қаласында өткіздік. Тақырып та нақты болды - «Тұрмыстық зорлықтың алдыналуда аналардың рөлі».

- Форумда қандай түйткілдер мен шешімдерайтылды?

- Ең үлкен мәселе - тұрмыстық зорлықты «жекеотбасының ісі» деп қарау. Ішкі істер органдарындада мұндай көзқарас жиі кездеседі. Шын мәнінде, бұл - қылмыс. Сондықтан әрбір шағым тіркеліп, шара қолданылуы тиіс. Елімізде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталғансаясат бар, заңнамалық өзгерістер де енгізілді. Мысалы, жуырда қабылданған «Әйелдердіңқұқықтары мен балалардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету мәселелері туралы» заң тұрмыстықзорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып, отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымындамытуға жол ашты.

- Заң бар, бірақ қылмыс азаймай отыр. Неліктен деп ойлайсыз?

- Себеп көп. Кейде заңды білмеу, кейдежергілікті деңгейде түсіндіру жұмысының әлсіздігі. Ал кейде жәбірленушілердің өздері де қорқыныштан үнсіз қалады. Сондықтан біз тек жазалау емес, қоғамдық сананы өзгерту жолындажұмыс істеуіміз керек.
ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаиханым жиында айтқандай, басты мақсат  зорлыққамүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Әрүйде, әр жүректе осы ұстаным орнықса, нәтижеболады.

- Жиында аналар кеңесінің мүшелері мен сарапшылар қандай пікірлермен бөлісті?

- Форумда тәжірибелі мамандар - психологтар, коучтар, қоғам белсенділері баяндама жасады.Мысалы, клиникалық психолог, суицидолог Резеда Баймұхаметова отбасындағы психологиялықкүйзелістің себептері мен алдын алу амалдарынталдады. «Ата-аналар қауымдастығы» бірлестігініңтөрайымы Ақбаян Төлбасықызы отбасыдағы рөлмен жауапкершілікті дұрыс қалыптастырудыңмаңызын айтты. Ал Ләззат Рақышева - өзі де кезінде зорлық құрбаны болған, бірақ бүгіндетабысты психолог әрі құқық қорғаушы. Оныңөмірлік тәжірибесі тыңдаушыларға үлкен әсерқалдырды.

- Семинарлардың қандай тиімді тұсын атап өтсеңіз

- Әр маман дәрісінен кейін қатысушыларменжеке кездесіп, нақты кеңес берді. Бұл - тәжірибеалмасудың ең тиімді форматы. Полиция қызметкерлері мен дағдарыс орталығы мамандарыда қатысып, өз өңірлеріндегі жағдайды талқылады.Көпшілік аналар кеңесі жұмысының тек насихатпен шектелмейтінін, нақты психологиялықжәне әлеуметтік көмек бағыттары бар екенін көрді.

- Осы жобалар жергілікті билік тарапынанқолдау тауып отыр ма?

- Иә, қуаныштысы - бұл бағыттағыұсыныстарға билік те сергек қарай бастады. Алматы облысының әкімі Марат СұлтанғазиевтіңАналар кеңесімен кездесуінде біз ұсынған«Зорлық-зомбылықсыз өңір» жобасы қолдау тапты. Бұл - мемлекеттік және қоғамдық күштердіңбіріккен күресінің айғағы.

- Әңгімемізді қорытындыласақ, бүгінгіаналардың қоғамдағы миссиясын қалайбағалайсыз?

- Ана - өмірдің өзегі, қоғамның айнасы. Егерана бақытты болса, қоғам да тыныш. Біз, аналар, тек өз отбасымыз үшін емес, ұлттың руханисаулығы үшін жауаптымыз.
Біздің міндет - ұрпаққа ізгілік пен адамгершіліктідарыту, қатыгездік пен немқұрайдылыққа қарсытұру. Бұл - әрбір саналы азаматтың борышы.

- Әңгімеңізге рақмет!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.