ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Америкалық ғалымдар инновациялық бояу ойлап тапты

Америкалық ғалымдар инновациялық бояу ойлап тапты

Әлем 21.04.2024, 10:47 1,080
Америкалық ғалымдар инновациялық бояу ойлап тапты
Сурет: Islam.kz
Ол үйді жылытуға немесе салқындатуға (желдеткіш) кететін энергияны үнемдеуге әрі жылу мен желдеткіш үшін энергия өндіруде атмосфераға бөлінетін парникті газды азайтуға мүмкіндік бермек. Бұл...

Ол үйді жылытуға немесе салқындатуға (желдеткіш) кететін энергияны үнемдеуге әрі жылу мен желдеткіш үшін энергия өндіруде атмосфераға бөлінетін парникті газды азайтуға мүмкіндік бермек.


Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Статистикалық дерекке қарағанда, күллі әлем бойынша ғимараттарды жылытуға немесе салқындатуға жаһандық энергияның шамамен 13%-ы жұмсалады және осы шамадағы энергия өндіруде атмосфераға парникті газдардың 11%-ы бөлінеді. Америка құрама штаттарының Стэнфорд университеті жүргізген тәжірибе нәтижесіне сәйкес өзгеше бояумен сырланған ғимарат жылуға қажетті энергия шығынын 36%-ға дейін кеміткен, ал аптап ыстықта ғимаратты салқындатуға кететін энергия шығынын 21%-ға төмендеткен.


АҚШ-тағы түрлі климаттық аймақтарындағы әдеттегі көппәтерлі үйді моделдеу арқылы сарапшылар сыртқы қабырғалар мен шатырға жаңа бояуды қолдану өз кезегінде бір жыл ішінде жалпы жылу мен желдету энергиясын тұтынуды 7,4%-ға азайтатынын анықтады. Бүгінгі таңда қолданылатын төмен эмиссиялық бояулар (яғни, үйлердің энергия шығынын азайтатындар) әдетте күміс-сұр немесе болат түсті болып келеді. Алайда, мұндай түстер барлық тұтынушыларға жарамайды, бұл оларды іс жүзінде пайдалану аясын шектейді. Стэнфорд қабырғасында ойлап табылған бояудың екі қабаты бөлек қолданылады: құрамында алюминий ұнтағына байланысты инфрақызыл сәулеленуді көрсететін төменгі қабат және инфрақызыл сәулелерді өткізетін жоғарғы қабат  (түрлі түсті бейорганикалық нанобөлшектері бар өте жұқа қабат). Стэнфордтың бұл бояуы ғимараттарға ғана пайдалы емес, сонымен қатар, жүк көліктері мен рефрижераторлы вагондарға қолданылса, ол тасымалдау кезіндегі тоңазытқыштың құнын (тоңазытуға кететін энергияны үнемдеу есебінен), демек, тасымалдау құнын төмендетеді.


Оның екі қабаты да ылғалды ортада су өткізбейтін қасиеттерге ие. Ғалымдардың айтуынша, мұндай бояумен боялған қандай да бір заттың беткі жағын дымқыл шүберекпен оңай тазалауға немесе сумен жуып, кетіруге болады. Сынақтар жоғары және төмен температуралардың (Целсия бойынша плюс 80 және минус 196 градус) әсерінен бір апта өткеннен кейін, сондай-ақ, қышқылдығы төмен және жоғары ортада болғаннан кейін бояудың эстетикалық (яғни, өңі кетпейтінін) және өнімділік (сапасының төмендемейтінін) қасиеттерінің нашарламайтынын көрсетті.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.