AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Америкалық блогер әрі Трамптың жақтасы жұрт алдынд...

Америкалық блогер әрі Трамптың жақтасы жұрт алдында оққа ұшты

Әлем 11.09.2025, 10:58 619 Сұлу
Америкалық блогер әрі Трамптың жақтасы жұрт алдында оққа ұшты
Reuters

Америкалық блогер әрі консерватив белсенді Чарли Киркке Юта алқабы университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде оқ атылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оқиға 10 қыркүйек, сәрсенбі күні болған.

Кирк мойнынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

"Бәріміз Чарли Кирк үшін дұға етуіміз керек. Ол керемет жан еді. Құдай жар болсын!" – деп оқиғаға АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде пікір білдірді.

Бірақ бірнеше сағаттан кейін Трамп Кирктің қаза тапқанын хабарлады.

"Ешкім АҚШ жастарын Чарлидей түсініп, сезіне алмады. Оны бәріміз, әсіресе мен, жақсы көріп, құрметтейтінбіз. Енді ол жоқ. Мелания екеуміз оның жары Эрикаға және бүкіл отбасына қайғырып көңіл айтамыз", – деді АҚШ президенті.

Белсендінің қазасынан кейін Ақ үй басшысы ел аумағындағы барлық жерде туды 14 қыркүйек, жексенбі кешіне дейін түсіруді тапсырды.

Бастапқыда полиция күдіктіні қолға түсіргенімен, кейін оның атыс жасаған адам емесін анықтады. Кейінірек FBI басшысы Кэш Пател Киркті өлтіру ісіне байланысты күдікті ұсталғанын мәлімдеді, бірақ оның аты-жөні жарияланған жоқ.

Чарли Кирк туралы не белгілі?

Чарли Кирк – Дональд Трамптың жақтасы, медиада жиі көрініп, түрлі оқу орындарында дәрістер мен пікірталастар өткізетін еді.

Айта кетейік, 2024 жылғы 14 шілдеде Дональд Трампқа да қастандық жасалған еді. Беймәлім біреу Пенсильвания штатында оның митингісі кезінде оқ атқан. Трамп құлағынан жарақат алып, бір қатысушы мен атыс бастаған адам қаза тапқан. Сондай-ақ сол жылдың 12 қыркүйегінде Флоридадағы гольф клубынан шыққан сәтінде Трампқа тағы оқ атылған. Кейін полиция клуб маңында шатыр тігіп, оны аңдып жүрген күдіктіні ұстаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #Оқ ату #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);