ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Америкада «Біріккен Алаш» қоры құрылды

Америкада «Біріккен Алаш» қоры құрылды

Әлем 30.04.2022, 06:14 1,179
Америкада «Біріккен Алаш» қоры құрылды
Cурет: kazunite.com
Мекеме Нью-Йорк штатының Лоң Айланд округіне қарасты Nassau ауданында тіркелген

Мекеме Нью-Йорк штатының Лоң Айланд округіне қарасты Nassau ауданында тіркелген


АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақ тілі мен мәдениетіне қызмет етуді көздеген "Біріккен Алаш" (ағылшынша атауы United Alash) қоры құрылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  kazunite.com сайтына сілтеме жасап.
Қордың құрушысы ҚХР-ға қарасты Алтайда туып, бірнеше елде білім алған, казір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Coldwell Banker American Homes компаниясында жұмыс істейтін қандасымыз Ұланбатыр Бақытханұлының айтуынша, күллі Алаш мүддесін көксеген ұйым таяуда заңды түрде тіркелген. Алайда АҚШ заңдарында талап еткен барлық шарттар бойынша сертификатын алып, қызметін бастады.
Мекеме Нью-Йорк штатының Лоң Айланд округіне қарасты Nassau ауданында тіркелген. Дегенмен заңды өкілеттігі бойынша АҚШ көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де жұмыс істей алады.
Бекітілген ережелері мен жарғысына сәйкес, қор қайырымдылық және марапат жұмыстарымен айналыса алады.



«Біз 2019 жылы 11 желтоқсанда Нью-Йорк университетінде өткен АҚШ-тағы Алаш жастарының құрылтайында жасаған топтық зияткерлік атты баяндамада Америкадан Алашты біріктіретін United Alash деген қор құру жайын арнаулы атаған едік. «Қай қиырда жүрсе де, жүрегі қазақ елі деп соққан азаматтардың басын қосып, бірге жұмыс істесек, Қазақстанымызға арқау болсақ» деген ой еді. Әрине, бастысы кешегі Алаш арыстарының ізін жалғау, ел бақытына қызмет ету болатын. Аллаға шүкір, сол мақсатымызға қадам басып отырмыз», – деді Ұланбатыр Бақытханұлы.



Бүгін ғана қызметін бастаған қордың құрылтайшылары – Нәзира Байырбек, Сержан Болат және Ұланбатыр Бақытханұлы.
Алып Америкада іргесін қалап, АҚШ заңдары шеңберінде қазақтың ұлы мұратына қызмет етуді көздеген ұйым дүние жүзіндегі барлық белсенді азаматтармен, белсенді мекемелермен бірлесіп, қазақ тілі мен дәстүрінің, қазақ мәдениеті мен өркениетінің дамуына үлес қоспақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.