AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Аманат партиясы соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен қ...

Аманат партиясы соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Тұлға 08.05.2022, 11:35 2,816
Аманат партиясы соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Сурет: Inform.kz

Ардагерлерге құрмет көрсетілді


Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде соғыс ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов елордада тұратын ардагерлердің үйіне барды. Олардың арасында Польша, Румыния және Венгрияны азат ету үшін болған соғысқа қатысқан 98 жастағы Рзағұл Байкешев, Берлинге жеткен 96 жастағы Жүніспек Кәрімов және майданға өз еркімен аттанып, Жеңіс күнін Будапештте қарсы алған 97 жастағы Раиса Сафоничева бар.



«Мен соғысқа 1941 жылы 7 тамыз күні 17 жасымда аттандым. 101-ші бригаданың құрамында болдым. Бізді 4-5 ай оқытып, бірден майданға жіберді. Жасымыздың кішілігіне қарамастан, әрқайсымыз Отан үшін жан беруге дайын болдық», – деді Рзағұл Байкешев.



Асхат Оралов 9 мамыр майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі үшін мақтаныш пен шынайы құрмет көрсететін мереке болып қала беретінін атап өтті.



«Ардагерлеріміздің ұлы ерлігін әрбір қазақстандық құрметтеп, есте сақтауы керек. Бізге ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің есімдерін ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарға қамқорлық көрсету - біздің ортақ парызымыз. Оларға қолдау білдіру әрқашан «AMANAT» партиясының басты назарында болады. Майданға 1,2 млн астам қазақстандық аттанып, оның жартысы үйлеріне оралмады. 9 мамыр - ардагерлеріміздің тарихи ерлігі үшін мақтаныш және шынайы құрмет күні болып қала береді», - деп атап өтті ол.



Айта кетейік, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға ұрпаққа қамқорлық көрсету - партияның басым бағыттарының бірі. Жоба аясында медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Еліміз бойынша 45 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, онда 60 мыңнан астам қария бос уақытын өткізеді. Қарттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты 300 мыңнан астам мәселе шешімін тауып, 275 мың адамға атаулы көмек көрсетілді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлы Отан соғысы #Ардагер #партия мүшелері #жеңіс күні #майдангерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);