AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «AMANAT партиясы жанынан Көлік және логистика коми...

«AMANAT партиясы жанынан Көлік және логистика комитеті құрылды

Әлеумет 22.07.2022, 14:30 1,286 Almaty-akshamy
«AMANAT партиясы жанынан Көлік және логистика комитеті құрылды
Сурет: Дереккөз

Алғашқы жұмыс отырысы тамыз айына жоспарланды


«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Көлік және логистика комитетінің ұйымдастыру жөніндегі отырысы өтті. Соның барысында комитеттің құрамы мен ережесі бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет төрағасы болып Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Ақышев сайланды.
Сала мамандарының пікірін ескере отырып, Комитет құрамына теміржол тасымалдаушылары қауымдастығының, вагон операторларының, ұлттық экспедиторлардың, жолаушылар көлігінің, бизнес-қоғамдастықтың, бейінді министрліктердің өкілдері және тағы басқалар кірді.
Отырыс барысында саланың транзиттік инфрақұрылымын дамыту, шетелдік тасымалдаушыларды көлік бақылауынан өткізудің жеткіліксіздігі, 3 мыңнан астам қоғамдық көлік жүргізушісінің тапшылығы сияқты мәселелер көтерілді.
Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, Қазақстанның Орталық Азия, Ресей, Қытай және Еуропа елдерін өзара байланыстырып тұрған тиімді географиялық жағдайын ескере отырып, еліміз көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалана алады.
Комитет мүшелері көлік саясаты стратегиясын әзірлеу және отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, транзиттің жаңа бағыттарын пысықтау, инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.
Комитеттің алғашқы жұмыс отырысы тамыз айының басына жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#логистика #партия #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);