ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алтынның сынығы да – алтын...

Алтынның сынығы да – алтын...

Өмір-өзен 14.06.2024, 21:24 774
Алтынның сынығы да – алтын...
Сурет: интернеттен
Мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов дүниеден озды.

Мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов дүниеден озды.

Жайсыз хабарды әдебиетші  ғалым Мамай Ахетов Facebook парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов өмірден өтті. 

"Алтынның сынығы да - алтын... Ұлының тұяғы, асылдың сынығы, қазақ мәдениетінің шырақшысы Мұрат Мұхтарұлы да бетін келмеске қарай бұрыпты. Қош, абзал аға, ақылды ұстаз! Алдыңнан жарылқасын!", - деп жазды Мамай Ахетов.

Мұрат Әуезов 1943 жылы 1 қаңтар күні Жамбыл облысында Мерке кентінде қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келді.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын "Қытай филологиясы" мамандығы бойынша бітірді.

1970-1976 жылдарда М.М.Әуезов "Эстетика кочевья" ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975 жыл) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.

1981-1987 жылдарда "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор болып қызмет атқарды.

1988-1990 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды.

1990-шы жылдардың соңында М.М. Әуезов Қазақстандағы "Мир" телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі болды.

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеттің төрағасы болды.

1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

1995 жылы Алматы облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық келісім департаментін басқарды.

1999 жылғы желтоқсаннан "Сорос-Қазақстан" қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден қордың президенті.

2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры қызметін атқарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.