Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алтын Орда» базарына арналған арнайы сайт іске қо...

«Алтын Орда» базарына арналған арнайы сайт іске қосылды

Әлеумет 15.01.2024, 08:34 1,203
«Алтын Орда» базарына арналған арнайы сайт іске қосылды
almaty-akshamy.kz

«Алтын Орда» базары цифрландырылды, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.


Сауда комитеті «Алтын орда» базарының әкімшілігімен бірлесіп, базар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның шеңберінде 2023 жылғы желтоқсаннан бастап, базардың кіреберісіне 6 QR-коды бар автоматты шлагбаум мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылды.


Сондай-ақ «Алтын Орда» базарын цифрландыру бойынша altynordaresmi.kz сайты іске қосылды.


Онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпарат, жалдау (пайдалану) шартының талабы, оны бұзу тәртібі мен негізі туралы мәлімет көрсетілген. Базар басшылығы тарапынан кері байланыс болу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді.



Жоғарыда аталған іс-шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.



Естеріңізге сала кетейік,  2023 жылдың тамызында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев анықталған бұзушылықтарды жою, нарықты жаңғырту және фермерлер үшін тегін сауда орындарын ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін базар аумағында мобильді топтың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді.


2023 жылғы желтоқсанда Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков «Алтын Орда» базарына барып, базар әкімшілігімен сауда алаңдарын жаңғырту мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша Айдар Әбілдабеков қысқа мерзімде бизнес-процестерді цифрландыруға көшуді жеделдетуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтынорда #Базар #сайт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.