ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / «АЛТЫН КҮЗ» АЙШЫҚТАРЫ

«АЛТЫН КҮЗ» АЙШЫҚТАРЫ

Алматы 03.11.2025, 17:11 348
«АЛТЫН КҮЗ» АЙШЫҚТАРЫ
Рая ЕСКЕНДІР
Бостандық ауданындағы №90 бөбекжай-балабақшада болмысы да, мазмұны да ерекше, ашық аспан астында өткен мерекелік бағдарлама Республика күні мен Алтын күз мерекесіне орайластырылып, ерекше форматта...

Бостандық ауданындағы №90 бөбекжай-балабақшада болмысы да, мазмұны да ерекше, ашық аспан астында өткен мерекелік бағдарлама Республика күні мен Алтын күз мерекесіне орайластырылып, ерекше форматта ұйымдастырылды. 
Сары күздің берекесін бейнелеген сахналық көріністер, жомарт күздің өнімдерін жарнамалаған жәрмеңке дейсіз бе, әйтеуір нағыз мереке көрігін қыздырған кеш отаншылдық рух пен жылулыққа, мейірімге толы болды.
Балабақша ауласы күздің алтын түсіндей кейіпке енген. Ұлттық киім киген кішкентай балғындар қолдарына жалауша ұстап, мерекені көңілді әнмен бастады. Күзгі жапырақтар, жемістер мен көкөністерден жасалған композициялар – барлығы жиналған қауымның көңілін көтеріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Әсіресе, балабақшаның кіреберісінде қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген баннер көзге алыстан түседі. Мұндағы айшықты әріптермен жазылған «Тәуелсіз елдің балалары – болашақтың үміті!» деген жазу алыстан көзге түседі. 
Аталмыш іс-шараның негізгі бөлігі Республика күніне арналғандықтан, әрбір топ өздері дайындаған шағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Мәселен, балақайлар Отан, ел мен жер тарихы туралы әндер шырқап, еліміздің рәміздерін таныстырды. Бүлдіршіндердің Ту, Елтаңба, Әнұран туралы сахналық қойылымы сәтті шықты. 
–  Балақайлар Отанға деген құрметтерін  өлең мен ойын арқылы қабылдайды. Ал Республика күні мерекесі – ел тарихы мен құндылықтарын баланың тілімен жеткізудің ең әсерлі тәсілі, – деді балабақша меңгерушісі Гүлімжан Жайлаубева .
 Мерекенің екінші бөлігі – дәстүрлі «Алтын күз» көрмесіне арналды. Бұл күні әрбір топ өздерінің шығармашылық бұрыштарын ұсынды. Көкөністер мен жемістерден жасалған ерекше композициялар, табиғи материалдардан жасалған киім үлгілері, жапырақтармен безендірілген қолөнер бұйымдары балалардың шексіз қиялын көрсетті. «Күз ханшайымы» байқауы да ерекше әсер қалдырды. Балалар күз тақырыбында өлең оқып, ән шырқады. Жеміс-жидектер мен жапырақтардан тігілген киім үлгілері көрермендер тарапынан үлкен қошеметке ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,272 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.