AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алмаз Шарман: «Вакцина жасушалық иммунитетті он ес...

Алмаз Шарман: «Вакцина жасушалық иммунитетті он есе арттыруға мүмкіндік береді»

Әлеумет 23.07.2021, 17:40 1,428
Алмаз Шарман: «Вакцина жасушалық иммунитетті он есе арттыруға мүмкіндік береді»
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бүкіл әлем коронавируспен күресудің жауапты кезеңіне аяқ басты.


Вакцина — қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты. Ғалым «дельта» коронавирус штамын жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Америка Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, вирусолог Алмаз Шарманның айтуынша, бүкіл әлем коронавируспен күресудің жауапты кезеңіне аяқ басты, өйткені пайдасы жоғары әрі тиімді  вакциналар жасалды.


Алмаз Шарман өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 мыңнан астам науқастың тіркелгенін, антирекорд жаңартылғанын айтты. Бүгінде Қазақстанда халықтың тек 16%-ы ғана екпенің екі компонентін алған. Бұл өте аз көрсеткіш. Демек бұл халықтың 85%-ы вакцина алмағаны. Бұл жаңа мутацияланған «дельта» коронавирусының таралуы үшін қолайлы орта.


Ғалымның айтуынша, «дельта» штамы коронавирустың барлық алдыңғы нұсқаларына қарағанда 50-60% жұқпалы.



«Әрбір жұқтырған адам инфекцияны 5-6 адамға әсер етеді. Вакцина алмаған  азаматтар қауіп аймағында. Коронавирустың қазіргі нұсқасы жұқпалы екенін есте ұстаған жөн. Бірақ Қазақстанда вакцина алған адамдардың пайызы төмен. Біз індеттің өте қауіпті кезеңіне аяқ бастық. Жағдайды вакцина алу арқылы өзгертуге болады», – деді Алмаз Шарман.



Айта кетсек, Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 22 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда екпенің I компонентін 670 351 адам алды. 60 жастан жоғары вакцина алған адам саны  94 835 адамды құрайды.


Қаладағы медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен  қаланың СОСО-да 212 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 260 адам жұмылдырылған 308 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинация #екпе #Шарман #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);