ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алмаз Шарман: «Қазақстанда эпидемиологтар мен виру...

Алмаз Шарман: «Қазақстанда эпидемиологтар мен вирусологтар мектебін қалпына келтірудің тиімді мүмкіндігі бар»

Медицина 23.07.2021, 17:58 1,516
Алмаз Шарман: «Қазақстанда эпидемиологтар мен вирусологтар мектебін қалпына келтірудің тиімді мүмкіндігі бар»
Cурет: Pnp.ru
Бұл үшін адам ресурстарына қомақты инвестициялар қажет.

Бұл үшін адам ресурстарына қомақты инвестициялар қажет.


Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман елдегі эпидемиологтардың тапшылығын растады. Алайда, ғалымның айтуынша, қазіргі кезде ғылым мен медицина бағытын қалпына келтірудің мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алмаз Шарманның айтуынша, қазіргі індет елдегі эпидемияның әлсіз тұстарын көрсетті. Иммунолог қазіргі кезде кадр тапшылығына байланысты эпидемиологиялық бақылау мәселелерін шешу өте қиын деген пікірде.



«Мен 40 жылдық тәжірибесі бар иммунологпын және өз кезеңінде жұмыс істеген эпидемиологтар мен вирусологтардың қандай екенін білемін. Өкініштісі сол, қазір олардың көпшілігі қызметте емес. Қызметтің бұл саласы өте маңызды. Сондықтан біз жарты жыл бұрын дәрігерлер тобымен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, бұрын болған гигиена және эпидемиология мектебін қайта құру туралы үндеу тастадық. Бұл болашақта эпидемия жағдайында эпидемиологтар мен вирусологтардың мықты кадрлық әлеуетін қалыптастыру үшін қажет. Алайда біз үшін бұл сала бүгін қажет. Сондықтан қазіргі уақытта эпидемияның таралуын жақсы қадағалап, кәсіби мамандармен вирусты жеңе алатын эпидемиологтар даярлануда», – деді Алмаз Шарман.



Ғалым ел аумағында бұрын болған әлеуеттің жоғалғанын өкінішпен еске алды. Бірақ қазір оны қалпына келтірудің ерекше мүмкіндігі бар. Бұл үшін адам ресурстарына қомақты инвестициялар қажет.



«Медициналық университеттерде эпидемиология және профилактикалық медицина мәселелерімен тікелей айналысатын қоғамдық денсаулық сақтау мектептерін қайта құру қажет. Бұл өте маңызды: біз аурулардың алдын алуға неғұрлым көп инвестиция салсақ, адамдар соғұрлым аз ауырады және емдеуге аз қаржы жұмсалады», – деді Алмаз Шарман.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.