AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сә...

Алматының Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды

Алматы 11.09.2026, 18:35 335
Алматының Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды
Алматы әкімдігі

Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды.

Құрасбек Сәдібеков 1989 жылы 28 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Манчестер университетін (Ұлыбритания) «Халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.

2013-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінде түрлі қызметтер атқарды.

2014-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарған.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Ташкент қаласындағы Елшілігінде үшінші хатшы ретінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2022 жылы қазаннан 2025 жылы қаңтарға дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2025 жылы қаңтардан мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде инспектор қызметін атқарды.

2025 жылы мамырдан бастап Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);